Басты жаңалықтарСпортСұхбаттар

Нұрбол Жұмасқалиев: «Ұсыныстардың көбейуінен Тобылдың ұйытқысы жоғалды»

Қазақстан футболының майталманы, ардагері Нұрбол Жұмасқалиев Nur.kz  сайтының тілшісімен сырласып, ауқымды сұхбатында, өзінің өткеніне көз жүгіртіп, алдағы жоспарлары жайлы әңгіме қозғады.

zhumaskaliev

—  «Тоболдың» өміріңіздегі алатын орны қандай? «Тобыл»  мен сізді не байланыстырады?
— Көп нәрсе байланыстырады. Өмірімде маңызды орын алатындардың бірі десем, артық айтпағаным. Сонау 2000 жылы алғаш Абай Аманбаев екеуміз Қостанайлық команданың ойыншылары қатарына қосылдық.  Ол кезде біз тал шыбықтай жас едік, сондықтан қуанышымызда шек болмады.Себебі, бұл оқиға бізге өз күшімізді көрсете алатын үлкен мүмкіндік еді. Расында да, алдағы жылдары біздің «Тоболмен»жеткен жетістіктеріміз аз болмады.

— 2010 жылы сіз  «Тобылмен» біржолата қоштасып,Астаналық «Локомотивпен» біріктіңіз…
— Сол жылдары «Тобыл» Қазақстан чемпионаттарының алтын медаль жүлдегері атанып, ең мықты командалардың бірі болды.Соның арқасында ойыншыларға басқа командалардың көзі түсіп, ұсыныстар көбейе берді. Ал, ұсыныстардың көбейуінен  «Тобылдың» ұйытқысы жоғалды. Мені болса, «Локомотивтің» кезекті ұсынысы қызықтырып,өзімді басқа командада сынап көргім келді де, астаналықтардың бетін қақпай, Локомативші атандым.

— Мансабыңыздың жолында, шетелдік клубтарға өту ұсыныстары жиі келіп тұрушы ма еді? Егер болса, қандай?

— Иә, келіп тұрды. Бірақ, нақты емес. “Келіп, қарап көріңіз”-деушілер көп болды.Шақыртуларды алып, ол жақта жиындар өткізіп тұрдым.Дегенмен ілесіп, бекітіле алмадым..

— Алдыңғы сұхбатыңызда “Карьерамды жақын арада тоқтата қоймаспын”- деп едіңіз. Сонда «Тоболмен» жасалған келісіміңіз қашанға дейін?
— Қазіргі жасалған келісімнің мерзімі осы жылдың соңына қарай тәмәм. Мерзім біте қойған кезде немен айналысатынымды әлі ойластырмадым. Барлығы чемпионатта көрсетілетін нәтижиеге байланысты.

— Жаттықтырушы атанатын ойыңыз бар ма?

— Әрине,ондай жоспарлар бар.Оның үстіне қолымда «А» категориясына жататын жаттықтырушы лицензиясы бар.Осы лицензияны иемденген алғышқылардың біріміз.Біздің қатарда Самат Смаков, Андрей Карпович және Руслан Балтиев бар. Бірақ, (күліп) әзірге бапкер атануға ерте секілді.Өзім әлі біраз ойыншы ретінде жүргім келеді.

— Өзіңіз секілді футбол ардагерлері қатарынан кімді үлгі тұтасыз?
—   Самат Смаковты айтқым келеді.Ол тәжірибелі ойыншы, нағыз тума талант. Біріншіден, Саматтың жоспарымен барлық ойындардың жүргізілетінін,басқа ойыншылар үшін үлгі тұтарлық қасиеті және оның әлі күнге дейін ойындарының жоғары нәтижиеге ие екенін атап өткім келеді.

— Футболды таңдауыңызға не түрткі болды?

— Менде барлығы секілді бала кездегі қызығушылықтан бастадым. Үй алаңында достарыммен доп қуалап, 11 жасымнан профессионалды түрде айналысуға бел будым. Қызығушылықпен айналыса бастаған Нұрболды, алғашқы жаттығулардан-ақ байқап,«Намыс» клубында ойнауға шақырту алдым.

— Пір тұтатын футболшыңыз?
— (Сәл ойланып) Айтуға қиын, олар көп емес.Мысал ретінде Зинедин Зиданды айтып көрейін. Ол соңына дейін ойнайтын нағыз  плеймейкер.Өз клубында болсын, үлкен жиындарда болсын.Жаттықтырушы бейнесінде де көрсеткіштері жаман емес.

—2007 жылғы  Серби қақпасына соққан голыңыз есіңізде ме?Дәл сол мезетте қандай сезімде болдыңыз?

— Ондай сәттерді ұмыту мүмкін емес шығар. Арно Пайперстің бастамасымен ойнаған едік, ол Алматыда өткен Европа-2008 чемпионатының іріктеу кезеңі. Әлбетте, қатты қуандым. Ең алғашқы жеңіске қалай қуанбауға болады? Нағыз тарихи  жеңіс!

— Шетелдік чемпионаттарда ойнау үшін жас футболшыларға не жетіспейді деп ойлайсыз?

— Меніңше, ол уақыт еншісіндегі сұрақ. Барлығы футболшының өз қолында. Егер адам алдына мақсат қойып, әрекетін жасаса, сол адамның қолынан барлығы дерлік келетіні сөзсіз.Қаржыландырудың да маңызы жоқ емес. Және ұсынылған чемпионаттың да деңгейі маңызды орын алады.Айта кеткенімдей, көп нәрсе уақыт еншісінде. Болашақта жас ойыншыларымызды шетелдің чемпионаттарынан міндетті түрде көрерміз.

— Алаңдағы Нұрбол Жұмасқалиев пен үйдегі Нұрбол Жұмасқалиев  — олар қандай?
— Күнделікті өмірде, алаңдағы өміріме қарағанда сабырлымын.Барлығы жағдайға байланысты ғой.Алаңдағы өмірімнің жақсы жақтары мен өкіндіретін жақтары күнделікті өмірге қарағанда көбірек болып тұрады.Сондықтан шығар, қарапайым өмірде өте сабырлымын.

— Неліктен көп атақы футболшылар, болашақ жарын атақтылардың  немесе модельдер арасынан іздейді?
— Тағдыр.(күліп) Барлық атақты футболшылар олар жасамайды.Көбісі қарапайым жандарды қалайды. Сондықтан нақты жауап беру қиын.Барлығы жағдайға байланысты.

— Футбол симуляторларын жиі қолданып тұрасыз ба?
— Бұрын жігіттермен Pro Evolution Soccer-да ойнаушы едім, кейін FIFA-ға өттік.. Ал, қазір оның барлығын қойдық, ойнап жүргенім жоқ.

Сұхбат Nur.kz сайтынан орысшадан қазақшаға аударылды.

Cұхбатты аударған Дина Біржанова

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close