InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнесӘнші

Ұлының тұсау кесер тойын дүркіретіп атап өткен Абай Бегей жұртты тәнті етті

Зәулім сарайда отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосып, ұлы Мүслімнің 1 жасқа толған туған күнін ерекше атап өткен Абай Бегейге оқырмандары тәнті болды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпаратық порталы

Күні кеше Бегей екінші некесіндегі ұлы Мүслімнің туған күні мен тұсау кесерін Алматы шаһарында шоу-бизнестегі достарымен бірге дүркіретіп атап өтті. Ұлан-асыр тойда әкесіне ән арнаған Абайдың ортаңғы қызы Сымбат, қонақтардың көңіл-күйін көтерді. Атаулы күнде бой көрсеткен әртістер бірінен соң бірі әлеуметтік желіде оқырмандарымен қуанышты жаңалықпен бөлісіп, Абай Бегейге ізгі-тілектерін жолдады.


«Абай Бегейіміздің ұлы Мүслімнің тұсау кесер тойы. Атына заты сай мықты азамат болып, 100 жасасын!» — деді Гүлзира Айдарбекова.
«Әбеке, ат ұстарыңыз Мүслімнің тұсау кесері құтты болсын», — деді Ерболат Төлеген.
Сонымен қатар, атаулы күнде Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Меруерт Түсіпбаева, Ғаділбек Жанай, Жанболат пен Жазира сынды танымал тұлғалар да әріптесінің қуанышымен бөлісуге келген. Алайда, Абай Бегейдің ұлының тұсауын кесу өнер иесінің туысы Ершат есімді мырзаға бұйырыпты. Мүслімнің аяғына ала жіп байлап, ырымдап ақ матамен атқамінер алғашқы қадамдарын жасады.
Абай Бегей қуанышты күннің әр сәтін жеке парақшасына жүктеп, той қызықтарын оқырмандарымен бөлісіп отырды. Әншінің жазбаларын жібермей жіті қадағалауында ұстайтын желі қолданушылары да той иесіне ақ-тілектерін жарыса жазды.


«Жандарым! Жұмақтың төрінде жүргізетін 3 қызыңыз, Алла бақтарын ашсын», «Тойларыңыз құтты болсын! Бақытты жанұя! Біздің ауылда да бір той болары рас, деген осы», «Қандай жарасып тұрсыздар. Ұл-қыздарыңыздың бақытты болғанын көріңіз!», «Тойларыңыз құтты болсын, Абай аға! Отбасыларыңыздан үлкен қуаныш, береке кетпесін. Балаларыңыздың қызықтарын көріңіздер!», — деді оқырмандары.
Айта кетейік, Мүслімнің атаулы күніне біраз уақыт әкесімен қарым-қатынасын үзген Бегейдің тұңғышы Ерке де Ақтау қаласынан арнайы келіпті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close