Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоу бизнесӘнші

«Жігіттер» тобы дәрігерлерге ерекше тосынсый тарту етті

Күні кеше «Жігіттер» квартеті коронавируспен күресіп жатқан барша ақ халатты абзал жандарға алғыс ретінде ән арнады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Көпшілікке «Жан досым» атауымен кеңінен танылған туынды, енді «Рахмет саған дәрігер» деп жаңа нұсқада шырқалған.

«Жалпы бұл идеяны еске салған өзіміздің «Жігіттер» тобындағы Ердос Қанаев. Осылай ақ халаттыларға ән арнасақ керемет боп кетер еді. Қазір олар адамдарды құтқару үстінде ғой деп тың ой айтты. Сосын бәріміз қосылып, бірауыздан  құба-құп көрдік», — дейді Айдар Тұрғамбек.

«Біз досымыз, бауырымыз Еркебұланға хабарласып, сөзін осы дәрігерлер туралы жазсаң, қазіргі шақта ақ халаттылардың істеп жатқан  істері, жұмыстары жайлы кеңінен насихаттасақ деп тапсырыс бердік.  Сөзі бізге ұнады. Халыққа тез жетімді. Түсінікті», — дейді Ерғали Әбдірайымов.

Иә, әлеуметтік желі арқылы таралған аталмыш ән, қалың жұртшылықтың жүрегіне жеткені анық. Өйткені Тұманбай ақынның туындысына өзгеріс енгізілсе де, жігіттерге жағымсыз пікірлер жазып, төрттікті табалаған жан жоқ.

«Әннің өзі кеңінен таралғандықтан халыққа тез жетімді болып, көбі дұрыс қабылдап жатыр. Біз ризамыз», — дейді «Жігіттер» тобының продюсері.

Мұнымен медицина қызметкерлерінің құрметіне арналған туындылар тоқтамақ емес. Таяуда Роза Рымбаева бастаған бір топ өнер өкілдері  халық әртісінің репертуарындағы  «Ертеңіме сенемін» атты әнді ақ халатты абзал жандарды қолдау мақсатында шырқап, ауқымды эстафетаға айналдырды.

«Ақ халат киген абзал жандар! Құрметті дәрігерлер! Бүгінгі еңбектеріңізге бас иіп, әрқашан да сіздерді құрметтейміз! Бәріміз шамамыз  келгенше сіздерді қолдаймыз», — деді Роза Рымбаева.

 

 

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close