k-popЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Үздік кореялық сериалдар топтамасы

Бос уақытыңызда сериал көргіңіз келеді ме? Ендеше біз сіздерге Оңтүстік Корея елінің үздік сериалдарын назарларыңызға ұсынамыз.

«Құпия» телехикаясы

Басты рөлдерде: Хван Чжон Ым, Чжи Сон, Пэ Су Бин, Ли Да Хи

Сериалдың сипаттамасы: Мин Хёк (Чжи Сон) — сүйіктісінен айрылып қалғаннан кейін, сүйгенін көлікпен қағып кеткен адамнан өшімді аламын деп өзіне серт берген суық жан. Ал Ю Чжон (Хван Чжон Ым) кез-келген адамға көмектсеуге дайын, тіпті сүйген адамы үшін оның қылмысын мойнына алуға дейін дайын. Ал оның сүйгені, яғни көлікпен адам қағып кеткен прокурор.

Кек алудан, махаббатқа айналған «Құпия» сериалын сіз міндетті түрде көруіңіз керек.

«49 күн» телехикаясы

Фото: Asyadizifilm.com

Басты рөлдерде: Ли Ё Вон, Нам Гю Ри, Чо Хён Чжэ, Пэ Су Бин

Сериалдың сипаттамасы: Сіз жассыз, ақшаңыз да жеткілікті, өмірді шексіз сүйесіз, әдемісіз және жуырда тойыңыз болмақ. Мұндай өмірді кім армандамайды?
Син Чжи Хён тап осылай өмір сүріп келген. Оған тек сынған өкше немесе көйлегіне тамған дақ қана проблема болып саналады.
Бірақ көлік апатына ұшырап, денесі мен рухы өзіне бағынбай қалады.
Ол сүйгенінен айрылған әйелдің кейпіне еніп, өмірге басқа көзбен қарауға мүмкіндік алады. Оның шын жанашырлары мен достары бар ма екен?

«Бітімгерлер» телехикаясы

Басты рөлдерде: Сон Джун Ки, Сон Хе Гё, Чжин Гу, Ким Чжи Вон

Сипаттамасы: Телехикая арнайы жасақ бөлімшесінің капитаны Ю Сиджин мен дәрігер Кан Моенның арасындағы сыйластық пен мөлдір махаббатты баяндайды. Біріне қызметіне байланысты адам өлтіруге тура келсе, екіншісі кез келген адамды құтқару керек деп санайды. Көзқарастары мен қызметтері екі бөлек жандардың сезімі қалай өрбімек?

«Есте сақтау: Бала өшпенділігі» телехикаясы

Басты рөлдерде: Ю Сын Хо, Пак Мин Ён, Пак Сон Ун және Нам Гун Мин

Сипаттамасы: Со Чжин У — барлық нәрсе есінде, ештеңені ұмыт қалдырмайды. Ол әкесінің кінәлі емес екенін дәлелдеу үшін қорғаушы атанады, бірақ аяқ астынан Чжин У-дің есте сақтау қабілеті әлсірей бастайды.

«Менің кінәм жоқ» телехикаясы

Фото: Viki.com

Басты рөлдерде: Сон Чжун Ки, Пак Си Ен, Ким Со Ра,  Мун Чхэ Вон

Сипаттамасы: Кан Ма Ру өзінің қызын ессіз сүйді, оның әйгілі репортер болу арманын қастерледі, ал өзі медициналық оқу орнында оқиды. Бірақ оның сүйіктісі бір күні зорлаушыдан қорғанамын деп, кездейсоқ адам өлтіріп қояды. Канг Ма Ру демеуге зәру ауру қарындасы барына қарамастан, қиындыққа тап болған сүйіктісіне көмек қолын созады. Ол оның қылмыс орнынан қашып кетуіне жағдай жасап, оның орнына түрмеге отырады. Соңында алғыстың орнына — ауыз ашпау үшін ақша, адалдық орнына — кәрі, бай және ықпалды адамға күйеуге шығу, медициналық білімнің орнына — түсініксіз және бұлыңғыр болашақ…

Ақпарат үшін vk.com/one_fancab тобына алғыс білдіреміз! 

Massaget.kz сайтынан да ақпараттар алынды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

4 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close