Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаРепортаждарШоу бизнесӘнші

«Бір шанс бер!» Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жарымен қайта қосылмақ па?

Әнші күні кеше әлеуметтік желіге ерекше жазба жүктеп, жұртты қызықтырып қойды, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Әуелбекованың осыдан тура бес жыл бұрын ақ босаға аттап, ана атанғанын тыңдарманы жақсы біледі. Көп ұзамай некесі сәтсіз аяқталғанынан да халық хабардар. Содан бері жеке өміріне емес, бар уақытын шығармашылығына арнаған Мөлдір, жуырда жүрегінің жартысын жолықтырған сыңайлы. Әнші Instagram парақшасында халықтан кеңес сұрап жазба қалдырған.

 «Бір шанс бер», — дейді. Қайтейін?»

Осы сәтте өнер иесінің оқырмандыры тең бөлініп, бірі құпия ғашығы бұрынғы жолдасы десе, екінші тарап бақыт тілеп, кім болса да мүмкіндік беруін сұрады. Әзірге Әуелбекова жұмбақ жан жайлы тіс жаруға асығар емес.

Алғаш «Күнім-ай» әнін тыңдаған көпшілік, Мөлдір өзінің сүйіктісіне арнаған деп топшылады. Тіпті жұлдыздың жеке өміріне қызыққан жұрт, бүгінгі күнге дейін аталмыш туындының иесін сұрап, маза бермей келген көрінеді. Ал күні кеше онлайн кеш берген Әуелбекова, алғаш рет аталмыш туындының  шығуына себепкер болған жанның есімін айтты.

«Бұл ән кімге арналған деген сұрақтар өте көп келеді. Махаббат тақырыбы екені белгілі ғой. Бірақ қандай махаббат екенін ешкім білмейді. Сол құпияны ашып берейін. Бұл менің балапаным, Салтайыма арналған ән. Расымен де ол менің күнім. Ол менің қара түнімді тілімдеп, маған шуақ боп жүрген адам», — деді әнші «Карантиндегі жұлдыз» жобасында.

Жұлдызды жанұяға карантин оң әсерін тигізсе керек. Әншінің айтуынша, бүгінде ұлы Салтай ес біліп, анасының тойда емес, күнде қасынан табылғанына қуанып, алғыс айтып жүрген көрінеді.

«Бұл орайда көп қуанған бала-шаға шығар деп ойлаймын. Расында жұмыспен жүгіріп жүресің, үйге келген кезде бала ұйықтап жатады. Жұмысқа кеткен кезде тағы көрмейсің. Сондықтан дәл қазір бақыт құшағында жүрген балам», — дейді өнер иесі.

Мөлдір Әуелбекова өзге әріптестері сынды онлайн концерт өткізуге бастапқыда қарсылық танытқанын жасырмады. Тек қауіпті індеттің өршуі сейілген сәтте келісімін берген.

«Шығуға қорықтым. Себебі менің мойнымда жауапкершілік өте үлкен деп санаймын. Қазір үйде 15 адам тұрып жатырмыз. Соның сегізі бала. Індет ол ойнайтын нәрсе емес. Сондықтан мен жүрексіндім.  Одан да үйден шықпай күте тұрайын, деп шешкен болатынмын», — дейді Мөлдір Әуелбекова.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close