Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

«Мен жалғыз қалдым» Әлішер Кәрімовті тастап кеткен кім?

Өнер өкілі жеке өміріндегі соңғы жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы

Отыздың ордасын бұзған Әлішер Кәрімов әлі де шоу-бизнестегі сүрбойдақтар санатында. Бәлкім сондықтан болар, соңғы уақытта өнер өкілінің шығармашылығынан бұрын жеке өмірі жиі талқыға түсуде. Әртіс қанша қатал сынға іліксе де отбасын құрып, отағасы атануға еш асығар емес.

“Егер бұл шығармашылық адамдардың сыны болса ол қалыпты жағдай. Мен қажеттісін алып, керек еместерін жіберемін. 15 жылдық тәжірбиемде соны түсіндім. Егер айтылған дүниенің бәрін қабылдай берсең шаңсорғыштың қоқыс жәшігін ұқсап кетесің. Ал инстаграмдағы сынды қанша тырысып жазсаңыздар да, мені кешіріп қойыңыздар, оларды оқымаймын десем де болады. Сонда да сіздерді жақсы көремін, — дейді әнші Әлішер.

Ел пікірін елей бермейтін әншінің сахналық образдары да әріптестерінен ерекше. Әр концертте Кәрімовтың жарқын түсті киімдерікөпшіліктің назарынан тыс қалған емес. Дәл бүгін, сәнқой сері аса ыждахаттылықпен таңдалатын костюмдерінің сырымен бөлісті.

90 пайызын өзім таңдаймын. Мен бір стилиспен ортақ жұмыс жасаған болатынмын,шамамен 10-15 жыл бұрын. Сосын екеуміз қайта жүздеспестей болдық. Себебі, мен өзімді қандай киімді жайлы сезінетінімді тек өзім білемін, бастысысы бұл жайлылық, содан соң камераға әдемі көріну де керек”, — дейді Әлішер Кәрімов.

Әлішердіңорындаушық өнерден бөлек композиторлық қыры да бар. Соңғы бес жылдықтаәнші өз репертуарының басым бөлігін авторлық туындыларымен топтастырыпты.

“Сіздер білсеңіздер, сәл бұрынырақ мен танымал композиторлармен жұмыс істедім. Сосын әндерді өзім жаза бастадым. Мен өзімнің ең танымал әндерімнен попури жасадым. Сол ел сүйген, танылған 7 әннің 5-еуін өзім жазған екенмін.  Сол себепті соңғы уақытта тек өзім жазып жүрмін. Тағы бірнеше талантты жас композиторлар бар, олардың әлі қарындары шықпаған, жап-жас, «тәбеттері» де аз. Олармен де жұмыс істеймін” , — дейді әнші Кәрімов.

Әуелде SuperStar.kz жобасы арқылы танылған өнерпаз бүгінде әйгілі әншіге айналды. Шетелдік байқауларда топ жарған жігіттіотандастарынан бөлек, өзге мемлекеттегі тыңдармандар да мойындап үлгерді. Ал Әлішердің айтуынша, әртістің шоу-бизнестегі жолы сәтсіздіктен бастау алған.

“Ең соңғы рет 2007 жылы болған.  18-19 жастағылар «SuperStar» байқауы арқылы бүкіл елге танылған кезде, мен 22 жаста кезде, бізді не істесеңдер оны жасаңдар дегендей тастап кетті.  Танымалық бар, халық таниды, репертуар жоқ, ақша жоқ. Сол кезде әкем: «Балам, еш уайымдама, Горкий паркке бар. Онда сені бәрі таниды. Әлі әндерің де болады, клип те түсіреміз» деді. Иә, мен далаға шықтым, адамдар танып, фотоға түсіп жатты, жақсы сөздер айты”, — дейді Әлішер Кәрімов.

Ал, карантин кезі Кәрімовтың жаңа қырын ашқан. Бұрындары асханаға аттап баспайтын ол, бүгінде тағам даярлауды мықтап меңгерген секілді.

“Бұл уақытта мен тамақ жасап үйрендім. Себебі, қазіргі таңда біреуді үйге шақыру да қауіпті. Отбасым Таразға кетті, мен жалғыз қалдым деп айтуға болады. Женяға рахмет, үйінен шықпаса да, менің үйіме гитарасымн келіп тұрады, сосын кештерде біз ән жазамыз. Содан соң, репертуарды жаңартып, сіздермен қуанышпен бөлісеміз” , — дейді әнші Әлішер.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close