InstaNewsЖаңалықтарШоу бизнес

«Кәмшат — ұяты ең аз әнші» Жалаңаштанған Жолдыбаева тағы да желідегілерге жақпай қалды.

Кәмшат Жолдыбаеваның Instagram парақшасына жүктеген жартылай жалаңаш суреті оқырмандарына жақпай қалған секілді. Өйткені, әншінің соңғы постын көрген желі қолданушылары, Кәмшатты жерден алып, жерге салды деп, хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Ашық образымен халық назарына жиі ілігетін әнші, тағы да оқырмандарының ашуын тудырды. Бұл жолы қысқа етекті суретін желіге жүктеген Жолдыбаеваның дәл осы образына қатысты кереғар пікірлерде шек жоқ!

 

«Талантты қызсың, бірақ суреттеріңе қарасаң не айтарымды да білмеймін. Әйтеуір бір жеріңді ашып қоймасаң болмай ма?, «Неге жағымсыз қылық жасайсың? Қазақтың қызына сай болмайсың ба? Елдің алдында жүрген соң үлгілі қыз бол! «Кәмшат Жолдыбаева- әншілердің ішіндегі ұяты аз әнші», — деп желідегілер өнер иесін сынның астына алды.

 

Таяуда ғана Кәмшаттың «Eх ех» атты бейнебаяны көрерменге жол тартқан еді. Клиптің сюжетінде Жолдыбаева әдеттегідей жалаңаш кейіпте. Әншінің жаңа туындысына да желі қолданушылары жатырқай қараған.
«Халықты топастандыруға бағытталған кезекті бейнебаян. Өкінішті!, Алланың қаһарынан неге қорықпайсың, Кәмшат?», — деді әншінің оқырмандары.

Бірақ тұсауы кесілген сәтте сынның садағына іліккен клиптің қаралымы көңіл қуантарлықтай. Су жаңа бейнебаянды аздаған уақыт ішінде жарты миллионға жуық көрермен тамашалаған.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close