Жаңалықтаржоғары

Әншілермен бірге ән айту сатылатын болған ба?

Елімізге белгілі өнер жұлдыздарымен бір сахнада ән айту осы салаға қадам басқан әр адамның арманы. Бірақ оған қалай қол жеткізуге болады? Әлде қомақты ақшаң болса болғаны ма? Бұл сұрақ белгілі әнші Мөлдір Әуелбекованың желідегі парақшасының оқырмандарын мазалады деп хабарлайды Жұлдыздар Әлемі. Әуелбекова жариялаған хаттың иесі:       «Маған Қазақстан Ұлттық арнасына эфирге әншілермен балалар бірлесіп дуэт айтады деген ұсыныс келді. Алайда қатысу үшін 75 мың теңге төлейсіз деді…» — деп бастаған. Әнші оған ешқандай қатысы жоқ екенін және арна басшыларының қадағалауын өтінді. Әзірге жағдайдың мән-жайы толығымен белгісіз. Дегенмен, көп ұзамай анық-қанығы белгілі болар деген сенімдеміз.


Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close