Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Владимир Седов: Енді Қазақстанда ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы жоқ

Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов инстаграмдағы парақшасы арқылы ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ниді тағы бір мәрте түйреп өтті деп жазады Baq.kz.

Талдықорғандағы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде белсенділігі артқан Седов Ильяның Пекин Олимпиадасында тапсырған сынамасы да оң нәтиже бергенін естіп, өз ойын жазыпты. Оның айтуынша, енді тәуелсіз Қазақстан тарихында ауыр атлетикадан ешқандай Олимпиада чемпионы жоқ.

«20 маусым 2016 жыл –бұл күн Қазақстан ауыр атлетикасы жалпы Қазақстан спорты үшін ауыр күн. Енді біздің ауыр атлетика спортында Олимпиада чемпионы жоқ. Мұның бәріне кім кінәлі? Илья Ильин деп ойласаңыздар қателесесіздер. Бұған Алексей Геннадьевич Ни жауап беруі керек. Өйткені ол барлығын қадағалап отырады. Тіпті, асханада спортшылар тамақ ішкенін де бақылып отырады. Ендеше жауап берсін. Алексей Геннадьевич, сіз үнемі өзіңізге жақпайтын спортшыларды аластатып отырдыңыз. Шындықты айтқандар ұнамайтын. Мысалы, Эдуард Тюкинді алайық. Ол Ресейден келді. Ұлттық құрамадан бөлек дайындалды. 2008 жылғы Бейжің  Олимпиадасының іріктеуінен өтті. Эдуард рейтингте тұрған өзге спортшылардан рейтингте жоғары болатын. Олимпиада ойындарында алтын алуға мүмкіндігі бар еді. Алайда сіз өзіңіз айтпақшы, болашағынан үміт күттіретін жастарға мүмкіндік бергіңіз келді. Бұл енді сіздің жұмысыңыз ғой. Өзіңізге сенген Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанлолардың алдында жауап беретін кезіңіз келді», — деп жазады Седов.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close