ЖаңалықтарКино & Театр

«Жумонг» телехикаясындағы костюмдер Ұлттық музейге қойылды

Бүгiн ҚР Ұлттық музейiнде Корея Республикасы Елшiлiгiнiң Корей мәдени орталығының дәстүрлi корей киiмдерiнiң «Ханбок сыйқыры» көрмесi ашылды деп Baq.kz хабарлайды.

Экспозицияда корей халқының 96 дәстүрлi «ханбок» киiмi көпшiлiк назарына ұсынылды. Көрмеде елiмiзде көрсетiлiп, көптiң көңiлiне шыққан «Жумонг» телехикаясының бас кейiпкерлерi киген киiмдер де назарға ұсынылды. Музейдегi әйелдер киiмiнiң көбi жеңiл матадан тiгiлiп, гүлдi оюлармен кестеленiп, асыл тастармен безендiрiлген. Көрмедегi осы костюмдермен бiрге тағатын түрлi әшекейлер, бағалы тастардан жасалған шашқа тағатын бұйымдар көздiң жауын алады. Ал ер адамдардың киiмдерi көбiнесе жiбек матадан тiгiлiп, белбеулермен және ерекше оюлармен көмкерiлген. Етек-жеңдерi кең «ханбок» киiмдерi бiр қарағанда ыңғайсыздау көрiнгенiмен көрменiң ашылу салтанатында орындалған ұлттық би костюмнiң корей музыкасы және биiмен керемет үйлесiмiн көрсеттi. Дегенмен, қазiргi таңда бұл киiмдер тек ұлттық мерекелер мен отбасылық салтанаттар кезiнде ғана киiледi екен.

«Күрделi зер салынған костюмдердi тiгуге бiрнеше жыл уақыт кететiн. Кәрiстер әлеуметтiк мәртебесiне сәйкес киiнген, үстем тап өкiлдерi ғана асыл тастармен көмкерiлген киiм киiп, әшекей таққан. Атағына сәйкес, киiмнiң иығына ою салынатын. Мысалы, ел билеушiлер костюмдерiнiң иығында айдаһар бейнеленетiн. Қарапайым азаматтарға асыл тастарды пайдалануға тыйым салынған», — дейдi Кореяның дәстүрлi бишi Шим Ка Хи.

Кореядан келген бишi Шанхайда өткен ЭКСПО көрмесiнде өнер көрсеткенiн және келесi жылы Астанада өтетiн аталған халықаралық көрмеде де би билейтiнiн айтты.

Атап өтсек, «ханбок» корей тiлiнен аударғанда «корей киiмi» дегендi бiлдiредi. Осыдан бiр ғасыр бұрын Кореяда батыстық үлгiдегi киiмдер пайда болғанға дейiн, ханбок кәрiстердiң күнделiктi киiмi саналған. Елордалықтар мен қала қонақтары корея халқының ұлттық киiмдерiн 26 қазанға дейiн тамашалай алады.

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Дереккөз: Baq.kz

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close