Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Елбасы туралы фильмнің жалғасы түсірілмек

Мәскеудің Кино үйінде «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл — «Елбасы жолы» киноэпопеясының желісі бойынша түсірілген бесінші туынды. Онда Мәдениет министрі Нұрсұлтан Назарбаев туралы алтыншы фильм түсіруге ниетті екенін мәлімдеді.

Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік журналистерге киноэпопеяның алтыншы фильмін түсіру жоспарларымен бөлісті.

«Картинада Қазақстанның жаңа астанасы — Астана қаласын 1996 жылы қалай құрғаны туралы баяндалатын болады», – дейді Мәскеудегі баспасөз жиынында еліміздің Мәдениет және спорт министрі.

Фильмнің тұсаукесерінде министрден бөлек Ресей кинематографистер одағының төрағасы Никита Михалков, фильм режиссер Сергей Снежкин, продюсер Вячеслав Тельнов, актерлер Берік Айтжанов, Игорь Угольников және өзгелер болды.

Дереккөз: Nur.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close