Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыСараптамалар

«Жер саудасы» жайында өнер жұлдыздары не дейді?

Үкіметтің жер сату туралы мәлімдемесі қоғамда үлкен дау тудырып отыр. Күні кеше ғана Атырау қаласында митинг болып, халық билікке өз талаптарын да қойып үлгерген болатын. Бұл дау әлеуметтік желілерде де өршіп тұр. Әсіресе танымал адамдардың, әсіресе өнер адамдарының ойын естігісі келген ғаламтор қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Соған сәйкес, шоубиз өкілдерінің осы мәселеге қатысты пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Сәкен Майғазиев: Жүрегі «ҚАЗАҚ» деп соққан ұлтжандылармен жаныммен біргемін. АЛЛА сақтасын, ұрпақтарымыздың өзгеге құл болғанын қаламаймын! ҚАЗАҚтың жері ҚАЗАҚтікі! Жоғарыдағылар да жерге қарап қалмас. Отқа май құюдан да, аяқты аспанға көтеріп жатудан да аулақпын. АЛЛА тағала бейбіт күніміз бен ұлан-ғайыр жерімізден айырмағай. Хайырлысын АЛЛА білуші, бұл жағдай ҚАЗАҚтың бірлігіне сеп болғай!

Есен Елеукен: Бұл — менің туған өлкем. Осы жерде алшаң басып жүргім келеді. Ешкімнің қағажуын көрмесем деймін. Себебі осы мемлекеттің азаматы ретінде осы мемлекеттің кез-келген жерін өз жерім деп түсінгім келеді. Жалпы жердің де, мемлекеттің де иесі халық қой. Өйткені осынша ұланғайыр жерді алып қалған әр қайсымыздың бабаларымыз. Осы мәселе туа қалса, қазақтың ең сергек қарайтыны сондықтан. Әлбетте, билік жер сату мәселесінде ұзақ ойланып, іс қылған шығар. Бірақ оның пайдасы қандай, келіп-кетер қаупі қандай екенін жөнді түсіндірмей ме екен дейсің ғой. Тек халық алаңға шыққанда ғана ортаға шығу жақсылықтың белгісі емес. «Ауырып, ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда дұрыс екені белгілі. Қайта Атыраудағы митингтің тыныш тарағаны абырой болды. Ең бастысы халқымыз мемлекетіміздің ертеңіне бей-жай қарамайтынын көрсетті

Бейбіт Қорған: Жер сатылатын мәселеге,қарсылығымыз бар екендігін білемін! Бірақ Атырау сияқты сабырлықпен қарайық! Өйткені басқа мемлекеттер,әсіресе көрші мемлекеттер көз салып жүргендері барлығымызға мәлім! Алла қолдасын бізді! Сабырлықпен қана жеңеміз!

Нұрсұлтан Құрман: Әуежайдан таксимен келе жатырмын. Жанымда Қытай азаматы отыр. Телефонмен сөйлесіп келеді. Түсерінде жүргізушіге 400 теңге ұстатты. Астанада әуежайдан қалаға дейін такси құны — кемі 1000-1500 теңге. Жүргізуші түсінбей маған қарайды))))) Қытайлық азаматпен алдын-ала келіспеген таксисттің өзі де кінәлі, негізі. Әйтіп-бүйтіп, 1000 теңгесін алдық)))). Шығып бара жатып: «Вы у меня за миску супа будете работать» – деген сөзді айтып кетті әлгі қытай. Қонақжай халық болған соң, көліктен шықпай кете бердік. Эмоционалды азамат шығар, аузынан байқамай шығып кеткен болар деп түйдік.
p.s Дана бабалардың ұрпағымыз ғой. Бәрін ақылға салып, шығынсыз, үлкен даусыз шешеміз деген ойдамын. Халқымыз сабыр сақтап, жоғарыдағылар тектілігін танытар деген үміттемін!

Баян Есентаева: Бұл менің жерім, бұл жер менің ата-бабаларымның жері, бұл жер менің балаларымның, болашақ немере, шөберелерімнің жері.

Асхат Садырбай: Біз Елбасымен біргеміз.Біз халықпен біргеміз.Біз араңдатушылыққа қарсымыз.
Бiз бейбiтшiлiк пен татулықты қалаймыз!

Мөлдір Әуелбекова: Алаңдамау мүмкін емес! Сабырмен дұғада болайық бауырлар! Аллаh қайырлысын білуші! Аллаh ұлық! Жар бола көр, жаратқан ием!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

9 пікір

  1. Егер үкімет расымен жерді сатпай тек жалға берем деп халықты тыныштандырам десе қатты қателеседі.Өйткені жерді сатпақ түгіл жалға беруге де болмайды!!!! Қытай-нағыз қысық көзді сұмырайлар оларға сенім жоқ,көрде тұрыңдар ертең жалға берген жерлеріңді тоз-тозын шығарып,күл-паршасын шығарады.Қытай біздің ата жауымыз.Кезінде ғұн,жоңғар,ойрат халқын сұрқия саясатымен жойып жіберген дəл солай қазаққа көзін қысып отыр.Əлемде қытайдан асқан қауіпті халық жоқ!!! Қазақта бір керемет сөз бар ғой:»Қарақытай қаптаса,сары орыс əкемдей көрінеді» деген ертең қысық көзді сұмырайлар елімізде шұбырса көз-жасымыз егіліп Ресейге жалынбақпызба????

  2. Қытай келгесін елімізге өздерінің лас кəсібін,біздің менталитетке жат салт-дəстүрін қоса ала келеді.Будда діні алып келеді.Бұл ештеңе емес олар өлі сəбидің етін жейтін күнəһарлар.Барлық қытайға топырақ шашпаймын,алайда 70% сондай екені белгілі.Халқының көбісі каннибализмге ұшыраған.Қазаққа сондай кəпірлермен көрші болған жақсыма??

  3. Бала сату жетпей тур еди енди жерге кошти ма Назарбаев атамиз не карап отир уяткои мынау☝жерди сатуга болмайды

  4. Барып ана қытайдың тас-талқанын шығару керек еді. Келесі жолы аузын байқап ашатындай етіп ит неме… кімнің жерінде жүр.. шаңыраққа қарасын

  5. Дуга еткен жаксы гой, алланын кози тузеу болсын! Бирак сендердики кур соз гана, бастарын ауырмайтыны коринип ак тур. Тек Сакен мырзага гана сенуге болады, халыкпен бирге екенин корсетти. Калгандарындики бос соз.

  6. Патша 1ші Алла дан сұра 2шi халықтан сұра не істейтініңді.Ал сату жағынан келсек гани балдарға өзіңнің тумаластарын ды сат немереңді сәт. …

  7. 3ші дүние жүз соғыс қытайс пен болады деген рас болып тұрғо міне неден басталып жатыр. …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close