Жаңалықтаржоғары

Шімән апа енді «ЗВЕЗДА»

Ерболат Төлегенов дегенді емес, Шімән апа десе халық кеңінен, жақсы таниды. Шімән образымен жұртшылыққа танылған Ерболат «Сен келін болсаң инабатты» атты әніне ең алғашқы бейнебаянын түсірді деп хабарлайды «Жұлдыздар Әлемі». Бейнебаянның сюжеті бойынша, «Әзіл әлемі» жұлдызының 5 ұлы бар. Олар полиция қызметкері, сот, суретші, құрылысшы және дәрігер. Ене статусындағы Шімән апаның келіндерінің бірі Жанар Айжанова болса, келіндерінің бірі, бейнебаянда ғана аяғы ауыр Мөлдір Әуелбекова. Жүкті әйелдің жұбайы ақ халатты Сейфуллин Жолбарыс екен. Анасы тек тұңғышының еркелігін көтереді, ал ол тұңғышының рөлінде Әбунасыр Серіков. 

Онымен қатар, Жайдарман, КТА ойындарының жарық жұлдызы Мереке де арманына жетіп, келіндердің бірін сомдамақ. Ерекше жанрдағы бұл бейнебаян әзіл-әндердің бірі,  Шімән апаның рөлі секілді халықтың ойынан шығады деген сенімдеміз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close