ЖаңалықтарӘнші

Әнші Айқынның жаңа бейнебаяны жарық көрмек

Айқынның жаңа бейнебаяны туралы айта кететін болсақ. Қай бейнебаянын алып қарасаңыздар да әрқайсысының сюжеті, идеясы әртүрлі болып келген. Осы жарыққа шығарылмақ бейнебаянның да орны өзгеше болмақ.

Кастинг тек инстаграм парақшасы арқылы жарияланған болатын. Неге тек осы парақша арқылы десеңіз, себебі осы желіде көптеген адамдардың отыратындығы белгілі. Мүмкін осы адамдардың жартысы Айқынның парақшасында болуы да әбден алыс емес. Айта кететін жайт, желі арқылы Айқынға 400-ден аса поштаға, вконтакте желісіне 80-нен астам хаттар келіп жеткен.

Басты рөлдегі қызды таңдауда қиынға соқпады. Себебі Айқынның және режисердің өзіндік таңдауы болды. Ең бастысы бой, жас қағидалары болғанымен, камерадан қорықпай, өз эмоцияларын жақсы көрсете білуі керек.400 қыздан іріктеліп алынған 10 қызды видео-пробаға шақырылды.

Айқын өз таңдауын жасады. Бейнебаян туралы қысқаша айта кететін болсақ, бұл жерде қыз бен жігіт арасындағы байланыс туралы болмақ. Түсірілім бір күнге созылады. Бейнебаян Алматы қаласында түсірілмек.

Ақпаратты дайындаған Бекзат Емберген

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close