Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыРепортаждарТелерадио

Қазақ тілін ана тілдеріндей меңгерген өзге ұлт өкілдері

Қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілі болса-қауіпті.Разы-болса жағымпаз.Белсенді болса-екіжүзді.Міне,біздің қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкіліне көзқарасымыз.

Біз оны «Сары қыз деп еркелетеміз» кім дейсіз бе?Ол,Оксана Лоскутова. «Астана» арнасының жүргізушісі Оксана мектепте,жоғары оқу орнында орысша оқығанымен оның журналистикаға деген махаббаты қазақ тілімен егіз.Қызметінде,достарымен тек қазақ тілінде сөйлесетін Оксана тіпті орысшаға шорқақ болып бара жатқанын айтты.Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», «Боран», «Әке мен бала» , «Ант» , «Шырағың сөнбесін» дегенін уақыт өте келе түсіндім.Көп балам болса екен деп армандаймын.

Screenshot_7

Келесі кезекте танымал тележүргізуші Игорь Сахар.Маңғыстау облысына қарасты Шетпе бекетінде дүниеге келген.Анасының айтуы бойынша,Игорь бала кезінен қазақшаны өте жақсы біледі.Батыстың тумасы болғандықтан жиі қолданатын диалект сөзі «құрсын,қасқа».Өзінің болашақ жары қазақ қызы болса деп армандайды.Қазақтың ырымдарын,дәстүрін ұстанатын Игорь Сахар тіпті қасиетті Рамазан айында ораза ұстап,дұға етудіде құп көреді.

Мен үшін қазақ тілі тек жұмыс құралы ғана емес. Қазақ тілін білгенімнің арқасында Алаштың ақын-жазушыларының шығармаларымен ешқандай аудармасыз таныстым. Ал қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде айтар болсақ, мемлекеттік тілді білу әр азаматтың міндеті. Кейде қазақша сөйлеуге ұялатын, қазақ тілін менсінбейтін бауырларымызды көріп жаным ашиды.

Көрерменнің көзайымына айналып үлгерген Ирина әрбір қазақты бауырындай көреді екен. Қазақ пен кәріс ұлтының арасында белгілі бір ұқсастықтар бар екендігін де жасырмайды. Тіпті, кәріс ұлтының салт-дәстүрлері де қазақ халқына жақын. Иринаны кәріске ұқсайтын қазақ қызы деп ойлайтындар да аз емес. Үлбіреген арудың қазақша сөйлегенін көргендердің іштей риза болып қалатыны рас. Қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетін Ирина халқымыздың ұлттық тағамдарын да әзірлей алады. Өз халқының мәдениетімен қатар қазақ халқының барлық әдет-ғұрпын санасына сіңірген кәріс қызы өзінің Қазақстан топырағында туып-өскенін мақтан тұтады.

PAdIaM5DX24

Мен үшін қазақ тілі тек жұмыс құралы ғана емес. Қазақ тілін білгенімнің арқасында Алаштың ақын-жазушыларының шығармаларымен ешқандай аудармасыз таныстым. Ал қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде айтар болсақ, мемлекеттік тілді білу әр азаматтың міндеті. Кейде қазақша сөйлеуге ұялатын, қазақ тілін менсінбейтін бауырларымызды көріп жаным ашиды.

Көрерменнің көзайымына айналып үлгерген Ирина әрбір қазақты бауырындай көреді екен. Қазақ пен кәріс ұлтының арасында белгілі бір ұқсастықтар бар екендігін де жасырмайды. Тіпті, кәріс ұлтының салт-дәстүрлері де қазақ халқына жақын. Иринаны кәріске ұқсайтын қазақ қызы деп ойлайтындар да аз емес. Үлбіреген арудың қазақша сөйлегенін көргендердің іштей риза болып қалатыны рас. Қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетін Ирина халқымыздың ұлттық тағамдарын да әзірлей алады. Өз халқының мәдениетімен қатар қазақ халқының барлық әдет-ғұрпын санасына сіңірген кәріс қызы өзінің Қазақстан топырағында туып-өскенін мақтан тұтады.

Фото: comode.kz
Фото: comode.kz

«Әкем мені қазақша оқы деп қинаған жоқ. Жай келді де, барғың келсе, көмектесем деп айтты. Мен қарсы болмадым», — дейді Майя Веронская.

Қазақстанды жаныңызбен жақсы көрсеңіз, болашағыңызды осы мемлекетпен байланыстырсаңыз, балаңызды шетелдік азамат секілді тәрбиелемеңіздер
Майяның пайымдауынша, қазақ тілінде сөйлеуге ешкімді күштей алмайсың. Өзі де бала кезінде қиналып, оған әкесінің тәжірибесі аздық етіп, шығарма жазу үшін Владимир Останин қазақ достарынан көмек сұраған көрінеді.

Веронская өз ұлын да қазақ балабақшасына берген. Бірақ бүлдіршін қазақшаға енді ғана жаттығып келеді. Тележүргізуші баласының үлгерімін күндіз-түні қадағалап отырады, өйткені, орыстілді ортада жүрген ұлының тілі басында орысша шыққан. Бұған себеп, бүлдіршін көп уақытын әжесінің қасында өткізген.

«Балаларыңызды қазақ мектебіне беріңіздер деп айта алмаймын, бірақ, Қазақстанды жаныңызбен жақсы көрсеңіз, болашағыңызды осы мемлекетпен байланыстырсаңыз, балаңызды шетелдік азамат секілді тәрбиелемеңіздер», — деп кеңесін берді Веронская

Юлия Кушнарева

«Мен Алматыда туғанмен, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы нағашы жұртымда тәрбиелендім. Ол жер қазақы ауыл, ал біз жалғыз орыс отбасы болатынбыз.Үш жасымнан бастап қазақ балабақшасына бардым. Студент кезімде жұртпен «аты-жөнім – Бибігүл Қазақбаева» деп танысатынмын. Қазір таныс­тарым «тілің қазақ, өзің қазақпын дейсің, шынымен солай болса, руың қандай» деп қалжыңдап жатады. Мен оларға жақсы жауап таптым. «Менің нағашы әжемнің жұбайы – Жалайырдың жігіті. Мен сол кезде «Жалайырдың құдашасымын» деп құтыламын» дейді. Ол – қазақ тілінің майын тамызған жан. Әлем мен ел жаңалықтарын мемлекеттік тілде жеткізіп отыратын білікті маман бос уақытында кітап оқығанды, ән тыңдағанды жақсы көреді. Табиғат аясында демалғанды, саяхат жасағанды ұнатады. Әр жанрдағы кинотуындыларды жібермейді. Отандық сүйікті фильмі – «Тақиялы періште». М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер», І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогияларын жалықпай оқи береді.
«Мен үшін ана тілім – қазақ тілі. Қазіргі таңда орыс тілі – екінші тілім. Көбінесе қазақша ойлаймын. Тіпті, ойымның 90 пайызы қазақша. Сөйтіп, күнделікті өмірде қазақ тілін ғана қолданамын. Соңғы кездері менің байқағаным, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне қызығушылығы артып келеді. Мысалы, ең кішкентай жиенім мен сияқты қазақша таза сөйлегісі келеді, қазір қазақ балабақшасына барып жүр. Сол сияқты баласына мемлекеттік тілді үйреткісі келетін ата-аналар да көбейіп келеді», – дейді Юлия ағынан жарылып.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

9 пікір

  1. Жарайсың Юлия Барлықтарың тек алға!!! Қазақ бола тұра қазақша сөйлей алмайтын Баян Есентаеваның қасынла сендер алтынсыңдар

  2. Баян Есентаева қазақ бола тұра қазақша сөйлей алмайды.Оныкі үлкен масқара.Мына орыс жүргізушілер өздері орыс болса да қазақша таза сөйлейді.Ал Баян Орысша сайрайды.Негізі орыстар мына таза қазақша сөйлейтін орыс жүргізушілерге қарап ренжитін шығар,өз тілін сатты деп,алайда олардың ренжитін еш жөні жоқ!Себебі олар ұлты орыс болғасын орыс тілін біледі,орысша сөйлеп біледі,түсінеді.Оның үстіне Қазақстанда тұратын болғандықтан қазақ тілін білуі міндетті.Ал қазақ тілінде сайрағаны үшін біз оларға бас иеміз.Ал өзіміздің Баянға келерге болсақ орыстар оны біздің тілді керемет біледі деп мақтайды,тəнті болғанмен біз тəнті емеспіз.Өйткені ол өз тілін білмейді,бір ауыз сөз сөйлей алмайды.Қазақша сұхбат беруге батылы жетпейді,себебі өз ұлтының тілін түсінбейді.Бұл барып тұрған масқара,əрі дамыған мына заманда үлкен надандық дер едім.

    1. Дұрыс айтасың! Бұл орыс жүргізушілер өз ұлтының тілін біледі,əрі сөйлей алады.Ал Баян тек орысша ойлайтын адам.Құрығанда екі əріптің басын құрай алмайды.Қазақтың керемет есімдерін орысша шұбартып айтады.Қазақтың Төреғали Төреəлі ге «Тарагали Тарали» деп айтады,Жеңіс Ысқақоваға «Женис Искакова» деп құртып жүр

  3. Ненавижу Баян Есентаеву хоть бы на своем языке не умеет говорить.А вот этих людей я уважаю

  4. Баян Есентаева-ӨЗ ҰЛТЫНЫҢ ТІЛІН БІЛМЕЙТІН НАДАН АДАМ.Ол мына технология дамыған заманда өз тілін білсейді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close