Жаңалықтаржоғары

Тәуекел Мүсілім: Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деген қауесетті өзіміз жібердік

Күні кеше қырағы паппараццидің құрығына жұлдыздар қауымы емес, мына мен түстім. Кезекті шаралардың бірінде, Жанар Дұғалова екеуімізді қатар байқап қалған журналистер қауымы, бізді сан сұрақтың астына алды. Жұрттың сөзінен жалыққандықтан, бар шындықты жайып салуыма тура келді дейді Тәуекел НТК арнасының Ревю жаңалықтарында. 

Тосыннан түсірілген дәл осы кадрлар, кейін қос жұлдыздың да тыныштығын қашырды! Шетелде бейқам демалып жүрген екеуінің видеосы желіге тарап кетісімен-ақ, жұрт оларды дереу жұптастырып та үлгерді!

Алайда, кейбір қырағылар жаңа махаббат хикаясының шикілігін бірден сезген. Себебі бұл, «Clear» сусабынының сәтті жасалған пиар қадамының бірі ғана.

Тәуекел Мүслім, актер:

— Бастапқыда Жанар туралы ешкімге айтқан жоқпыз. Және сондай бір, әңгіме болсын, жұрт қызықсын деп, Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деп қауесет жібердік. Дегенмен, ол өзі бір ықпалын жасады. Адамдар сұрай бастады, екеуің үйленіп қойдыңдар ма деп.

Қызыққұмар көпшілік Жанар Дұғаловаға да маза бермеген.

Жанар Дұғалова, әнші:

— Әрине көптеген смстер келді маған. Қыздардан көбінесе. Көбінесе сұрақтар қойылды. Бірге жүресіздер ме, Тәуекелге тұрмысқа шығайын деп жатырсыздар ма деген…

Осы сарындағы сансыз сұраққа, қос жұлдыз жалғыз бейнероликпен жауап беруді жөн көрді.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close