Басты жаңалықтар

Мадина Ералиеваның өмірбаяны

Мадина Ералиева 1954 жылдың 2 тамызында Қызылорда облысы, Қазалы ауданында өмірге келген.

  • 1974 жылы Қызылорда қаласындағы «Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық училищесінің» музыка бөлімін бітірген.
  • 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген.
  • 1978 — 1984 жылдары аралығында Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.
  • 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы облысы филармониясының жетекші әншісі болды. Нәзік те сыршыл үн, өзіндік мәнерімен халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы “Ай-қарагөз”, “Ақбаян”, “Жылқы ішінде ала жүр”, т.б. көптеген халық әндері мен “Кіресің жиі түсіме” (Қ.Құрманәлиев), “Сағым жылдар” (Б.Байкенжеев, М.Дәукенова) сияқты қазіргі қазақ композиторларының әндері Ералиеваның өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ералиева халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.
  • 1991 жылы Қазақстанның халық артисі атағына ие болды.
  • 2000 жылы Арқалық-Ташкент тас жолында келе жатқанда жол апатынан қайтыс болды.
  • Режиссер Болат Атабаевтың жан жары болып, танымал режиссерден Арсен есімді ұлы бар. 
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close