Жаңалықтаржоғары

Тәуекел Мүсілімнің тойы қалай өтті?

Алматыда Тәуекелдің тойы өтті. Бірақ отандық шоу-бизнес сарыла күткен сүрбойдақтың дүбірлі кеші, көпшіліктің көңілінен шықпаса керек. Мүсілімнің өміріндегі өзгерістер әріптестеріне жақпай қалған.

Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

Бұл жолы отандық шоу-бизнестің бас қосуына Тәуекелдің өмірдегі емес, кинодағы тойы түрткі болған. Мүсілім басты рөлді сомдайтын фильмнің продюсері – Жан Мұқанов. Сүрбойдақтың серілік ғұмырын суреттеу де дәл осы кісінің идеясынан туындаған.

Жан Мұқанов, продюсер:

-Мен негізі осы жобада тек қана Тәуекелді таңдадым. Қалған қыздарды, басқа актерларды таңдаған режиссерлық топ, кастинг директоры. Сондықтан, бұл арнайы Тәуекелге жасалған кино деп айтса да болады негізі.

«Той кз» картинасындағы басты кейіпкердің аты-жөні де – Тәуекел Мүсілім. Отыздан асса да отау құруға асықпаған жігітті, нағашы ағасы тезірек үйлендіруге әрекет жасайды. Бірақ сүрбойдақ сүйгеніне емес, есеппен тұрмысқа шығып, байлыққа кенелуді қалаған италиялық қыздың арбауына түседі. Ол образды ойнау Дарья Александроваға бұйырса, серінің шын ғашығын сомдауға актриса Дина Тасболатова бекітіліпті.

Дина Тасболатова, актриса:

-Менің кейіпкерім, сүйіктісімен бірге болуды армандаған ару. Бірақ олардың жолдарына кедергі келтіретін, арам пиғылдағы адамдар болады. Қысқаша осы!

Ал үйленіп бақытты болуға талпынған Тәуекелдің, кинодағы өмірі тұсаукесерге келген алғашқы көрермендерді тамсандыра алды ма?

«Асыл» тобы:

Жалпы кинодан ұққаным шынайы сезім, шынайы махаббат. Бірақ ол адамдардың айылысуына не себеп болғанын, мен түсінген жоқпын. Сол бір сұрақпен кеттім. Енді әрбір көрермен сол сұраққа жауапты, өзінен табатын шығар деген үміттемін.

Жан Мұқанов, продюсер:

-Әрбір жасаған жобада сын әрдайым болады. Амал жоқ. Ол негізі болу керек. Сын болмаса мен үшін қызық емес сияқты көрінеді. Біреуге қызыл түс ұнайды, біреуге қара түс ұнайды. Сондықтан комментарий енді болады, амал жоқ!

Бұл картина – Жан Мұқановтың киноөндірістегі дебюттық туындысы. Жобаның жалпы бюджеті 300 мың АҚШ долларын құраған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close