Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыПродюсер

Ұлықпан Жолдасов жарыққа шығарған 10 хит

Ұлықпан Жолдасов — әнші, продюсер әрі композитор. Оның жазған көптеген әндері қазіргі таңда халық сүйікті әндеріне айналды. Назарларыңызға Ұлықпан Жолдасов шығарған 10 хит әнді назарларыңызға ұсынамыз!

Ұлықпан Жолдасов жалғыз қызы Фарида Жолдасова мен әнші Төреғали Төреәліге жазған «Қыдырып қайтық әні» аз уақыттың ішінде хитке айналды.

https://youtu.be/eX1vCR6iZt4

Ал «Ән мен әнші» әні әннің атауымен аталған жобаның гимне айналды. Жобаны Ұлықпан Жолдасовтың «Ән мен әнші» әнісіз елестету мүмкін емес.

Ұлықпан Жолдасовтың «Melomen» тобына жазған әндерінің көпшілігі қазіргі таңда хитке айналды. Оның бірі «Абайла сұлу қыз» әні.

https://youtu.be/8sslFghtsKs

Мейрамбек Бесбаевтың жүрекпен орындайтын «Аяулы ана» әні де халықтың жүрегінен орын алған әндердің бірі. Әннің авторы әрине Ұлықпан Жолдасов.

Димаш Құдайбергеновтың орындауындағы «Қазақстан» әні де қазіргі таңда патриоттық әндердің ішіндегі ең үздігінің бірі. Бұл ән Димашқа дөп келген ән деп ойлаймыз.

https://youtu.be/2M58nsxvagM

Қайрат Нұртас орындаған кез-келген ән хитке айналатыны сөзсіз. Ұлықпан Жолдасов шығарған «Жаралдың кім үшін» әні де қазіргі таңда көрерменнің көңілінен шыққан әндердің бірегейі.

https://youtu.be/vAnEATMXASQ

Музарт тобы кезінде Каспий тобымен бірге орындаған «Кездесуге кел» әні де халық жақсы білетін әндердің бірі. Қазіргі таңда әнді Музарт тобы орындап жүр.

https://youtu.be/l0_Rqt6NmSw

Айгүл Қосанованың «Арман шағала» әні де көпшілікке ұнады.

https://youtu.be/ZxjY1deE59E

«Арай» тобының орындауындағы «Өзің ғана» әні де көпшілікке ұнағаны сөзсіз.

https://youtu.be/8dreKaUZhzc

Заман тобын танымал еткен ол әрине «Өмір өзен» әні. Ән халықтың көңілінен шыққан Ұлықпан Жолдасовтың тың дүниесі.

https://youtu.be/VdH_boQsGM0

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close