Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

Сәкен Майғазиевті сан соқтырып кеткен клипмейкер кім?

«Мен алдандым» бұл Сәкен Майғазиевтің бүгінгі жай күйі, бір бейнебаянды екі рет таспалауға мәжбүр болған әншіні клипмейкері алдап кеткен. Қаржыны қалтасына басқан бейтаныс жігіт соңында еш ескертусіз Ташкенттен тайып тұрған-деп хабарлайды «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы.

Сәкен Майғазиев пен Нұржамал Үсенбаева «Мен сенімен кездестім» атты клипінің түсірілімін өткен жылдың желтоқсанында бастаған болатын, «2016-ның қаңтарында дайын болады»-деп уәде берген Наурыз деген режиссер соңында сан соқтырып кеткен.

Сәкен Майғазиев: Хабарсыз, ұшты күйлі жоқ болып, ақшаны алып кету деген бұл дұрыс емес. Бір сөзбен айтқанда бүкіл ақшаны алып, тайып тұрды. Содан Алматыда бірге жұмыс жасаған жігіттерді де сан соқтырып кеткен, ол жігіттермен сөйлессем айтады «Білмеймін, бізге көк тиында берген жоқ»-дейді.

Қалтасына бар қаржыны салған клипмейкер Ташкентке тайып тұрған, алайда өнер иесі Өзбекстанда жүрген алаяқ жігітті таныстарының көмегімен тауып, інілеріне мәселені майшаммен қарауды тапсырыпты.

Сәкен Майғазиев: Інілерім сөйлесіп жатыр, ондай бассыздыққа барған жігітпен не деп сөйлесесің, ондай қадам жасаған жігіттермен сөйлесіп, оның деңгейіне түсіп, ондай қара бет болғым келмейді. Таныстырған жігіттер бар, сол жігіттер өздері сөйлеседі, өздері ақшасын қайтарып береді, өздері басқаша шара қолданады.

Сәкен сәтсіздікке тап болғанымен, екінші мәрте бейнебаянды таспалауды жөндеп шешеді. Бұл жолы режиссер Жеңісхан Төрені таңдаған, бірақ бұл клипмейкер де кезінде «Жігіттер» квартетіне аналар жайында клип түсіріп, аяқсыз қалдырған болатын.

Жеңісхан Төре: Жалпы сценарийін «не утвержденный сценарий»-дейді ғой, сондай кезде болады. Бұл мынандай кезде болады «Жарайды, түсірейік, түсірейік». Біреу бір-бірін тыңдап, мысалыға бір-бірін түсінбеген шақта болады.

Ерғали Әбдірайымов: Клип тапсырыспен түсіріліп жатқан клип еді, бізге тапсырыс берген адамның көңілінен шықпады, содан кейін клипті тоқтата салдық.

Жеңісхан Төре: Егер клип клиенттің көңілінен шықпай жатса бірден тоқтатып тастаймын. Сондықтан қоя салайық деп, қоя салдық.

Бұндай жағдай Жеңісханның режиссерлік жұмысында алғаш рет орын алып отыр, ал Сәкен Майғазиевке таспаланған клипінің желісі әншінің бала махаббатын еске салған.

Сәкен Майғазиев: Алғашқы махаббатың болады, онымен қосылмасаң да тәтті кезеңдер есіңде қалады. Бір сөзбен айтқанда жүрегіңде қалған махаббат.

Клиптің толық нұсқасы алдағы күндерде отандық ән арналарда айналымға шықпақ.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close