Жаңалықтаржоғары

Елімізге белгілі әншілер атышулы Ninety one үшін «Жыл таңдауына» қатысудан бас тартты

Отандық Ninety One тобына қатысты тағы да дау шықты. Еліміздегі өте танымал әншілер «Жыл таңдауы» деп аталатын үздік әндер фестиваліне аталған топ үшін қатысудан бас тартқан. Айтуынша, олар Ninety One жігіттерімен бір сахнада тұрғысы келмеген көрінеді. Бұл туралы жоба продюсері Жан Мұқанов Muzzone арнасына берген сұхбатына айтты.

«Бұл үлкен фестиваль. Мағынасы, ең маңыздысы — ән. Хит әндерді әншілер жанды дауыста айтады. Он бірдей жүргізушісіміз болады«, — деген продюсер бірнеше танымал әншілердің фестивальға қатысудан бас тартқанын жеткізді. Оның айтуынша, басты себеп — Ninety One тобымен сахнаға қатар шыққысы келмеуінде.

«Бірнеше әртіс бар. Осы әртіс қосылды, мен қатыспаймын деп кетіп қалғандар бар. Әйгілі, мықты әншілердің бірі. Мен бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояды, сырға тағып жатыр деп сынап жатыр. Дұрыс қой, қазақпыз. Бірақ бұл жерде олар — әртіс, әртістердің өз образы бар. Нақты кім екенін айтпай-ақ қояйын, сахнаға шықпай қалатын әртістер бар«, — деді Жан Мұқанов.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

23 пікір

    1. Бибигүл 91 тобы керемет. Иə олар шашын бояды, құлағына сырға тақты алайда олар нағыз таланттар. Қазақ эстрадасы өзінен намыстанды, себебі олардын дауысы жоқ. Ал жыл тандауында жанды дауысымег айту керек. Көресіз 91 тобы жеңіске жетеіді! 91 сила, иглз сила. Біздің фандом мықты!!!!!

  1. Дұрыс деп ойлаймын. Өйткені өз беделдерін оларға теңемегені. Қасында жүруге намыстанғаны ғой. Нағыз қазақ баласы қазаққа тән болу керек. Шет елге еліктейтіндей бізде не бар. Шет елдердің шамасына жету қайда, жемқорлық деген өріп жүр. Шет елге жету үшін, солар ұқсап айлық алсын. Аш жүрген, жұмыс таппай жүрген бір қазақ. Олар шет елгк еліктемейақ қойсын.

  2. Toi-business aenshilerdi shaqyrmanyz. Qazaq estradasyna sapaly artistter kerek. Al kyrgyz jaene rumyndardyn oelenderdi urlaityndardi sabau kerek!

  3. Қазақилықта, ержігітке тән қасиетте қалмаған 91 лік жігіттерде! Ұят! Баяғыда ата-әжелерімізден қызтеке деген сөзді естуші едік! Міне нағыз қызтекелер!

    1. Ал басқа топтар ше шаш бояған сырға таққан олар сонда қызтеке емес па оларға болады 91 ге болмайды я сонда стиль дегенді қалай түсінесіз? Қасқа қазақ өздеріңді табалауға кеткенсіңдер ғо адамнаң жетістігін көре алмайсыңдар

    2. Майра абай болыңыз !!! Қайдағы қыз текелер??!!! Қызметке деп ұлдың ұл балаға жабысуын айтады … Ал 91 солай істегендерін көріппедіңіз?! Ойланып сөйлеңіз.91 бірінен мықты!!! Дауыстары да имедждері де басқаша. Олар жаңаша құрылған топ ал сіздей жандар жаңашылықты дұрыс түсінбейт деп ойлаймын . Жаңашылықты қабылдай білейік!

  4. Найти уан жарайсыңдар сендердің жеңетіндеріңе сөз жоқ! Ал мына қазақпыз деп олармен сахнаға шықпаймыз деген аншілерге өздеріңіздің төмен екендеріңізді тағы көрсеттіңіздер! Қазақ өз баласынан қандай болсада бас тарпаған

  5. Олар тек Ninety one тобын коре алмайды ойткены олардын жанкуйерлеры коп жане олар осы бырыншы орынды аладыма деп коркады сондыктан мен Ninety one тобын жаксы корем жане колдайм баскалары Q- РОР стильды тусынбейды 91 ге айтарым тек АЛГА

  6. 91 ең керемет топ просто олардың жеңіп кететінін біліп осылай айтқан ғой қойсаңдаршы осындайларыңды неге тек 91 басқа топтар да бар ғой көре алмайсындар топастар бастарынды істетіндер

  7. ОЛАРҒА МҮМКІН ДАУЫС БЕРІЛМЕГЕНДЕ ШЫҒАР 91 АЛҒА БІЗ АСЫҮА КҮТЕМІЗ ЖАҚСЫ КӨРЕМІЗ

  8. Олар ойлаган шыгар бизге барибир буйырмайды. Оданда уятм шыкпай турнанда катыспаяк кояйын деген шыгарда

  9. Олар ойлаган шыгар бизге барибир буйырмайды. Оданда уятм шыкпай турнанда катыспаяк кояйын деген шыгарда

  10. Типти жаксы болды катыспагандары.))) Оларсыз да кызыкты отти! Торегали мен Кайрат Нуртасты да кормейтин кундер бар екенине катты куандым. Абден шаршадык осы екеуинен, оздеримен коймай жарыса катындарын корсетип абден мази кылды. Узааааак уакытка коринбесе екен..

Добавить комментарий для Аноним Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close