Жаңалықтар

Елбасы «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болды

Instagram желісінде Президент Назарбаевтің Қазақстан арнасынан шығып жүрген «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болғаны туралы суреттер пайда болды. Әзірше бағдарламаның Елбасы қатысқан саны қашан эфирден көрсетілетіні белгісіз.
Айта кетер болсақ, соңғы бір айда Елбасы бірқатар әлемдік алпауыт БАҚ-қа сұхбат берді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы араб әлемі елдерінде ірі хабар тарату компанияларының бірі болып табылатын «CNBC Arabia» арнасына, Жапонияның NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне, Bloomberg News ақпарат агенттігіне, сондай-ақ «Россия 24» арнасына сұхбат берген болатын.

Дереккөз: Qamshy.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close