Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

photo_4762

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 67 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы  ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!

Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек.

Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді.

 

Давлетов Асылбек Жазизұлы

rcD3bdXflR0gi67yyug8GUhbv4z4h3

Ауылдан келген жас жігіттер кешегі қырмандағы жұмыстан бірден майданның алдыңғы шебіне түссе де, қазақ баласына сай ерліктерімен көзге түсті. Сондай батырдың бірі  Давлетов Асылбек Жазизұлы.

Асылбек  Жазизұлы 1925 жылы 10 қарашада бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Сталин атындағы колхозда шаруалар отбасында дүниеге келген. Сол ауылдың 8 сыныптық мектебін бітіріп, 18 жасында 1943 жылдың 10 қаңтарында соғысқа аттанады. Жасына қарастан Асылбек  ата Карелия, III Украина майдандары құрамында жауға қарсы тұрды. Қалың орман арасында бекінген герман және фин қарулы күштерінен Карелияны босатуға Асылбек Жазизұлы Карелия майданының 13-ші Әуе Десанттық Бригадасының 99-шы Әуе Десанттық дивизия құрамында қатысты.

QLa00EeEm5OsQqqHKd6veHxX0ZO4vF

Ал 1945 жылдың қаңтарынан бастап Асылбек ата ІІІ Украина майданындағы 300-ші гвардиялық атқыштар полк құрамында Венгрия мен Австрия мемлекеттерін азат етті. Соғыстың бел ортасында жүрген бүгінгі ақсақал Асылбек Жазизұлы, 1945 жылдың көктемінде жарақаттанып, бір жарым ай Будафок госпиталінде емделуіне тура келеді. Госпитальдан шыға салысымен Асылбек Давлетов әскер құрамына қайта барар жолда Австрия мен Венгрия мемлекеттері арасындағы Шапрон станциясында Ұлы Жеңіс күнін қарсы алды. Асылбек ата Еуропада1950 жылдың мамырына әскери борышын өтеп, елге оралды.

Асылбек ата бүгінде екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Будапештті алған үшін», «Венаны алған үшін», «Германияны жеңген үшін» медальдарымен марапатталған.

Еңбек жолында  екі мәрте «Қызыл Ту Еңбек» орденімен, төрт мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Барлығы Асылбек атамызда жиырмадан астам медальдар мен ордендер бар. Қария бүгінде әскери жолдастарымен қазіргі таңдада араласып тұрады.

SW35HA3QmcvCm4JACiK9BFwXXC48oM

Асылбек Жазизұлының жұбайы Орынбасар Шайкенқызымен 1958 жылы  30 маусым күні шаңырақ құрған. Қазіргі таңда, Асылбек ата мен Орынбасар апаның жұптасқандарына 54 жыл толып отыр.  Бақытты шаңырақ 3 бала мен 3 немере тәрбиелеуде. Асылбек ата жастарға Хәкім Абайдың  «Бес нәрседен қашық болуға шақырған — Өсекөтірікмақтаншақеріншекбекер мал шашпақтықтан алыс жүруді өсиет етіп, талапты бар жасқа ақ батасын берді.

Дүйсенбаев Бижан

Киелі Маңғыстау топырағы әулие-әмбиелерімен ер жүрек батыр ұлдарымен әйгілі. Оның бірі Ұлы Отан соғысының ардагері Шетпе кентінде тұратын Бижан Дүйсенбаев атамыз туралы сыр бөліскелі тұрмыз.

iGYJKs7sypSwLZEjAlz7lGQtwXjDyQ

Бижан Дүйсенбаев атамыз 1925 жылдың 13 тамызында Маңғыстау ауданы, Таушық аулында дүниеге келген. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары солақай саясат салдарынан Қазақ елін жайлаған ашаршылық Бижан ата отбасында айналып өтпеді. Ашаршылықтан бас сауғалаған Маңғыстау жұрты көрші, іргелес жатқан Түркіменстанға үдере көшті. Тілі ортақ, діні бір түркімен жерінде Бижан ата ержетіп,  не бары 17 жасында Красноводск облысы, Карабогаз гөл  аулынын 1942 жылдың 10 сәуірінде  комсомол жолдамасымен Кеңес әскері қатарына қабылданады. Қатарлас жолдастары арасынан жирақтығымен көзге түскен  Бижан Дүйсенбаевты басшылық сол жылы Ташкенттегі әскери байланыс училищесінің алты айлық дәрістерін оқуға жібереді. Училищені Бижан ата байланысшы-связист мамандығын бойынша сәтті оқып шығады. Бұл уақытта қан майдандағы соғыспен қатар, тыңшылар жүргізіп жатқан жасырын соғыс та толық жүріп жатты.  Фашистік Германияның абвер барлау қызметі Иран-Ауғанстан-Тәжікстанда арқылы тыңшылық әрекетпен қосымша ақпарат алуға көшкен болатын. Осы уақытта, Бижан ата Тәжікстан шекарасындағы Мұрған  қаласының шекара қызметіне барады. Бижан Дүйсенбаев 1949-1951 жылдың маусым айына дейін Тәжікстанның Мұрған қаласының шекара заставасы басшысына дейін  өседі.

9 мамыр күні Еуропада соғыс аяқталғанымен, Германияның Азиядағы одақтасы Жапон империясы әлі де болса соғыс жүргізіп жатты.  Бижан ата Жапонияға қарсы соғыста 4 ай қатысып, Манчжурияны, Қытайды азат етеді.

1947-1949 жылдары аралығында Қытай коммунистік партиясының ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, қытайлық жолдастардың билік басына келуіне септігін тигізген кеңестер әскерінің құрамында болады. Елген оралған соң 1952 жылыБижан ата Зоя Есжанова апамызбен отау құрады. Бүгінде Бижан ақсақал 3 ұл мен 2 қыз тәрибелеген және қаулаған немерелер мен шөбеле сүйген ата.

Бүгінде қарт қария Бижан Дүйсенбаевтың омырауы «Ерен еңбегі үшін», Украина мемлекеті марапаттаған «Ұлы Отан Соғысына 60 жыл», Ресей Федерациясы марапаттаған «Жуков атындағы медаль»,  «Ұлы Отан Соғысына 65 жыл», «Астана аласына 10 жыл», «Маңғыстауға  35 жыл», «Қосай Ата 500 жыл», «Ұлы Отан соғысының ардагері» медальдарымен толып тұр.

Атаның бүгінгі арманы елдің бейбітшілігі, тілі бөлек болса да, тілегі бір ортақ Қазақ елінің барша халқының аманшылығы мен бақытты ғұмыр кешуін тілейді.

Ақпарат  yvision.kz сайтынан алынды!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close