Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаӘнші

Әнші Әдемі «Жаңа толқын» xалықаралық байқауында екінші орынды иеленді!

Қазақстандық әнші Ademi Сочиде өткен «Жаңа толқын — 2015» халықаралық байқауында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды BNews.kz.
image
Кеше байқаудың үшінші күнінде әртістер өз репертуарынан авторлық ән орындады.

Ademi (Әдемі — Динара Қайырова) танымал композитор Ренат Гайсин арнайы жазып берген «Соңғы көктем» әнін орындады. Композицияны ол Батырхан Шүкеновке арнады.

Ұпай саны бойынша қазақстандық екінші орынды индонезиялық әнші Millane Fernandez-пен бөлісті.

Тағы бір Қазақстан өкілі – Voice KZ тобы 271 балл жинап, алтыншы орыннан көрінді.

Ақпарат http://Bnews.kz сайтынан алынды!


 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close