Басты жаңалықтарМузыкаӘнші

Мырзахан, Мөлдір және Райым…

usoIYjR5_Os

 

Сахнада жүргеніне биыл 10 жыл толған Мөлдір Әуелбекова, осы жылы әншіліктен бөлек өзін продюсерлік қырынан танытпақшы. Ол жайлы «Таңшолпан» бағдарламасында жария еткен болатын. Жаңа жобасы Индира Елемеспен бірге берген сұхбатында алда болатын біраз жаңалықтарымен бөліскен-ді.Біздің білуімізше жас әнші Индира Елеместің де ән қоржыны біраз көбейіп қалған тәрізді.Олай дейтініміз Мөлдірмен жұмыс жасағалы бірнеше әндер жазылып тіпті бейнебаянын да түсіріп қойыпты…

Танымал әнші «ORDA.FM» радиосындағы сұхбатында халыққа есеп беруге дайын екендігін айтты.. Сонымен қатар 23-інші Наурыз Тараз қаласы Баласағұн мәдениет сарайында «Әдемі қыз» –атты (өзі жеке шығармашылығымен айналысқалы) алғашқы есеп беру кешін өткізгелі жатыр…Кеш қонақтары: Райым Уайыс,Индира Елемес т.б өнер жұлдыздары…

Неге Тараз қаласында?! Неге басқа қаладан бастамасқа дегенімізде,ол: «Мен өзім Тараз қаласының тумасымын.Сондықтан ең алдымен кешімді осы қалада өткізгенді жөн деп санадым»- деп жауап берді. Жақында Райым Уайыспен «қасыңдамын» ,Мырзахан Махановпен «Жұбатушым сен»- атты екі ән жазған болатын. Екі әнде сәтті шығып көпшіліктің ықыласына бөленді… Тағы да бірнеше жаңа әндері жазылып жатыр. Ән сапары Тараз қаласынан соң, Өскемен,Семей, Қызылорда т,б Қазақстанның барлық қалаларына жалғасын таппақ.Ал Алматы мен Астана қаласындағы кештерін әнші күзге қарай жоспарлап отырғанын айтты…Көптен күткен жағымды жаңалықтың бастамасы мінекей осылай… Продюсер ханымға да, жаңа жобасы Индира Елемеске де «Жұлдыздар Әлемі» порталының атынан тек қана сәттілік тілейміз.Шығармашылық жұмыстарыңыз шыңдала берсін.Алдағы ән кештеріңіз сәтті,нәтижелі,табысты болсын!

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close