ЖаңалықтарТелерадио

Жұлдыздар аналары жайында жаңа жоба

Оларға басқа аналар қызыға қарайды. Оларды жас аналар үлгі етеді. Олар балаларын халыққа сыйға тартты. Олар — жұлдыздардың аналары.

Осы күнге дейін кадр сыртында болған жұлдызды аналарды халық алдына шығаратын уақыт келді. Қарақат Әбілдина мен Нұржан Керменбаевты дүниеге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген асыл аналары жобамыздың алғашқы сандарының кейіпкері болды.

Құрметке лайық аналар жайлы «Аналар» бағдарламасының келесі саны «Ринго» тобының әншісі Батыр Байназаровтың аяулы анасына арналады.

Алдағы жексенбі, 22.40-та «Астана» телеарнасынан өткізіп алмаңыздар!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close