Басты жаңалықтарКино & ТеатрСараптамалар

Мәдениет министрі қазақты масқара ететін фильмдерді атады

6 маусымда театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестердің алғашқы отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақты масқаралаған фильмдерді атады деп хабарлады inform.kz.

7271-Kazakhstan-planiruet-perekhodit-na-latinskiy-shrift

«Хозяева» болсын, «Уроки гармония» болсын, «Риэлтор» болсын көрген шығарсыздар, сын көтермейді. Енді адамда намыс болуы керек қой. Қазақ халқын масқара қылып көрсету кімге керек? Неге бізде Әл-Фараби, Шәмші Қалдаяқов туралы бірде-бір фильміміз жоқ. Бауыржан  Момышұлы туралы бір шағын сериал түсірдік. Неге көркем фильм түсірмейміз?», — деді министр.

Осы ретте Мұхамедиұлы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантайға ұлттық намысымызды қорғауымыз қажеттігін ескертті.

«Осы жерде көптеген драматург отыр. Сіздерге өтінішім бар, егер қызықты тақырыптарыңыз болса «Қазақфильмнің» есігі әрқашан ашық. «Қазақфильм» жекелеген адамдардың меншігі емес, белгілі бір адамдарды жинап алған. Солар ғана жаңа фильмдер түсіреді. Ал режиссерлерге (Қазақфильмге) жол жоқ. Бұлай болмауы керек. Сол режиссерлердің жыл сайын түсірген  филмьдері сын көтермейді. Тіпті, ол режиссерлерді біздер білмейміз де»,- деді ол.

Министр масқара деп атап, сынға алған фильмдерді назарларыңызға ұсынамыз.

Режиссер Әділхан Ержановтың «Хозяева» фильмі

Аталмыш фильмде екі апалы-сіңлілердің елдегі жемқорлықтың салдарынан далада қалған жағдайы баяндалады. Оларды өз үйінен учаскелік полицеймен туысқандық қатынасы бар жергілікті тұрғын қуып шығады. Жастар көмек көрсетер ешкімі болмағасын, барынша өз үйлері үшін күресуге тырысады.

«Хозяева» фильмі 2014 жылдың мамыр айында Канн фестиваліне ұсынылды. Бұдан өзге Әділхан Ержановтың туындысы Словакия, Голландия, Польша, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ресей, Канада, және Франция елдеріндегі фестивальдерге ұсынылған болатын.

Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» фильмі

Жас қазақ режиссері Эмир Байғазиннің «Уроки гармонии» фильмі қазақстандық кино тарихында алғаш рет Берлин халықаралық кинофестивалінің байқауында «Серебрянный медведь» (Күміс аю) жүлдесін ұтып алған. Фильм, сонымен қатар Morgen Post неміс газетінің оқырмандары ұсынған жүлдені иеленіп, халықаралық кино сыншыларының мақтауларына ие болған.

Фильм барлығы 30 жүлделер алып, әлемнің 60-тан астам кинофестивальдеріне ұсынылған болатын.

Онда 13 жастағы Аслан есімді жеткіншектің өмірі баяндалады. Медициналық тексеріс кезінде сыныптастарының алдында мазаққа қалған Асланда аздап психикалық ауытқулар байқалады. Өзіне сенімсіз жеткіншек барынша мінсіз болуға және айналасын бақылауда ұстауға тырысып бағады.

Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі

https://youtu.be/1OcCphkaSlo

Бұл фильмде автомат ойындарын ойнаймын деп басы пәлеге қалған Дарик есімді жігіт Курбан атымен белгілі қарыз жинаушының қоқан-лоққысына ұшырайды.

Тығырықтан шығу үшін Дарик әжесінің екі гектар жерін сатуға бел буады. Алайда ол жерде ата-бабалар зиратының болуы сатуға кедергі келтіргесін, зираттарды жермен-жексен етеді.

Салдарынан көшпенділік заманға, өткен шаққа түседі. Олардың тайпасы кезінде Бахадүрмен шайқасқан уақытқа тап болады.

Дереккөз: ИА «Казинформ» , ИА «Kazgazeta.kz»

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close