«Осы мақтаншақ экраннан түспеді ғой»: Тойға лимузинмен кірген Төреғалиді жұрт сынға алды
Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да елдің қызу талқысына түсті. Ұлы дала баласы бұл жолы той болып жатқан мейрамхананың ішіне қымбат лимузинмен кіріп келген. Желіде видеосы тарап кеткен бұл оқиға үшін көпшілік әншіні сынап тастады деп жазады NUR.KZ.
Төреғали Төреәлі тойда өнер көрсету үшін арнайы қымбат лимузинмен келіпті.
Желі қолданушыларын әртістің лимузинмен мейрамхана ішіне дейін кіргені ашуландырған.
Кеңінен тарап үлгерген видеолар елдің кезекті қызу талқысына түсті. Оқырмандар отандық жұлдызды мақтаншақтығы үшін сөгіп тастады.
«Осы мақтаншақ экраннан түспеді ғой», » Ай қазағымай мақтанғаныңды қоймадың ғой. Не керек осының бəрі? Қайда бара жатырмыз? Не болып бара жатыр заман?», «Тағы да жұлдыз ауруына шалдықты», «Көтере алмайды осы танымалдылықты», «Жерге түс, қарапайым болсаңшы. Ысырапшылдық мынау барып тұрған» , — деп жазуда желідегілер.
Оқырмандардың болжауынша, Төреғали лимузинмен келген той Шымкенттеге мейрамханалардың бірінде өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөз: Nur.kz