Жаңалықтаржоғары

Өнер майталмандары «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мәдениет саласында аянбай тер төгіп жүрген танымал тұлғалар айтулы марапатқа ие болды. Өнер иелеріне  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» ордені табысталды. 2017 жылдың қорытынды бойынша, осындай марапатқа ие болғандардың қатарын Бүркіт, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Арман Дүйсенов, Ринат Гайсин сынды өнер майталмандары толықтырды.

Жуырда ғана режиссер ретінде таспалаған тырнақалды туындысын ел назарына ұсынған Бүркіт:

Осындай атаққа, үлкен дәрежеге мені жеткізген біріншіден Аллама, екінші әкем мен анама, үшінші xалқыма үлкен алғысым!” – деп қуанышымен бөлісті  инста-парақшасында.

Дәл осындай атаққа ерекше дауыс иесі Маржан Арапбаева да лайықты деп танылды.

Бірінші Аллаға, екінші халыққа мың да бір алғыс. Қуанышымда шек жоқ! Осы күнге жеттім, шүкір! Мен бақыттымын! Қазақ елінің өнерінің дамуына кішкене болса да үлесімді қосқаным мен үшін үлкен абыройлы міндет және қуаныш”, – деп елден сүйінші сұрады Арапбаева.

Отандық жұлдыздарымыз бір-бірін желіде жарыса құттықтап, оқырмандардың да жылы лебіздеріне бөлініп жатты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close