InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрШоу бизнесӘнші

«Сен ең бақытты отбасыға келдің!» Қызын туған күнімен құттықтаған Дәурен мен Ақбота жұртты сүйсінтті

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет алғаш рет ортақ некесінен туған қыздарын көрсетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Атышулы Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Нұрдың соңғы посты оқырмандарының қызығушылығын оятты. Ерлі-зайыптылар кішкентай қызы Аишаны туған күнімен құттықтап, ғаламтор тұтынушыларына тұңғыш рет көрсетті.

«Қызым, қызым жан қызым! Туған күніңмен! Алла бере салғаным, сен ең бақытты отбасыға келдің! МашаАллах», деді Ақбота инстаграм парақшасында.

Аишаның әкесі де қызын құттықтаудан қалыс қалған жоқ. Санаулы секундтан соң Дәурен Айдарқұлов та бүлдіршінге жүрекжарды жазбасын арнады.

«МашаАлла! Құрметті балапаным – Аиша! Сені бүгінгі жарық дүниеге келген туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Саған Əке ретінде тілерім, қайда жүрсең де — Ұлы Алланың қорғанында бол! Өйткені,  кім Алланың қорғанында болса, ол адамға ешкім зиян келтіре алмайды. Екі дүниеде бақытты бол — жарқыным. Атаң мен əжеңді, əкең мен анаңды сүйкімді қылықтарыңмен, балдай тəтті сөздеріңмен қуантып жүре бер. «Адам — ұрпағымен мың жасайды» — демекші біздің мың жылдық ғұмырымыздың жалғасы бол. Өркенің өссін — алтыным. Адам баласына тəн — барлық екі дүниенің жақсылығын тілеймін!» деп ақ тілегін Дәурен Айдарқұлов та жолдады.

Жұлдызды жұптың желіге жүктеген жазбасы отандық шоу-бизнестің өкілдерінің де назарынан тыс қалмады. Дәурен мен Ақботаның ханшайымын әріптестері де алғаш рет көргені анық байқалады. Жарыса құттықтап жатыр.

«Тәтті! Туған күнімен», — деді Балжан Бидаш.

«Аумай қалыпты ғой. Бұйыртса хас сұлу болайын деп тұр. Ғұмыр жасы ұзақ, дарынды, иманды ару болып өссін. Құтты болсын», — деді KeshYou ұжымы.

«Туған күніңмен, балапан», — деді әнші Альбина Шардарова.

Айта кетейік, Дәурен пен Ақботаның ортақ некесінде екі баласы бар. Ал, Айдарқұловтың алғашқы отбасында үш баласы өсіп келеді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close