Жаңалықтар

Қайрат Нұртаспен түскі ас ішкіңіз келсе…

«Болашақ» Қауымдастығы «Bolashak Lunch» қайырымдылық лотереясының өткізілуін жариялайды.

Оның жеңімпазы еліміздегі ең танымал және сұранысқа ие әнші Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа барады.

Қатысу үшін lunch.bolashak.kz сайтына кіріп, сомасы 1000 теңге құрайтын билет сатып алу жолымен қайырымдылық үлес жасау қажет. Кез келген қатысушы үшін сатып алатын билет саны шектелмейді, және әр билет қатысушының жеңіске жету мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар қайырымдылықты анонимді түрде жасауға да болады. Төлем қабылдау аяқталғанан кейін кездейсоқ сан генераторы жеңімпазды анықтайды. Ол Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа баратын болады. Бас жүлдемен қатар қонақтың қолтаңбасы қойылған естелік сыйлықтар да ойнатылады.

«Bolashak Lunch» лотереясын өткізудің басты мақсаты қайырымдылыққа қаражат жинау болып табылады. Жиналатын бар қаражат «церебралды сал ауруы» диагнозы қойылған балаларға көмекке жұмсалады.

Лотереяға қатысуға өтініштер 2016 жылғы 30 қарашаға дейін (қоса алғанда) қабылданады. Түскі ас Астана қаласында өтетін болады.

«Bolashak Lunch» қайырымдылық лотереясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15-жылдығына арналған «25 Қайрымды Іс» жобасы аясында өткізіледі.

«Bolashak Lunch» қайырымдылық лотереясының алғашқы қонағы Олимпиада ойындарының жүлдегері Василий Левит болды. Ол кезде лотерея нәтижесінде 173 мың теңге жиналған еді. Бұл қаражат 2008 ж. туған, балалар аутизмі және Аспергер ауруына шалдыққан Қуантқан Шерханның көпсалалы мамандар тобымен (психолог, эрготерапевт, логопед) 3 айлық қалпына келу курсын өтуге жұмсалды.

Дереккөз: Aikyn.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

  1. Мен улым Мухамматхан Нурали диагнозы дцп сиздер айтып откан кайрымдылык корына калай катысам болады отиниш сиздерден

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close