Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрМузыка

Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев туралы фильм түсірілуде

44b57551db6c7f6010d373006bd5bc5c

Қазақтың біртуар дарынды тұлғасы, ұлы сазгер Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы туралы фильм түсірілуде. Кинотуынды «Хабар» агенттігінің тапсырысымен жасалуда.  Фильм атақты «Отырар сазы» оркестрінің құрылған сәтінен басталады. Картинада дарынды сазгердің қазақ музыкасын шыңға көтеруді мұрат еткен бастамасы өз шығармашылығымен қатар өрбиді. Көркем фильм сазгердің бірегей музыкалық туындысымен аталады. «Құстар әні» ұлы музыканттың құс қанат ғұмырын суреттейді. Рашид Сүлейменов, фильмнің режиссері  -Қазақтың біртуар дара ұлы туралы фильм түсіруге үлкен дайындықпен келдік. Сазгермен араласқан, қатар жүрген жандармен әңгімелестік.  Қайталанбайтын тұлғаны көрерменнің көз алдына қайта әкелу үлкен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз.

Screenshot_14

Режиссер бас кейіпкердің образын сомдау үшін актер Ергенбай Абуевті таңдапты.  Ергенбай Абуев, бас кейіпкердің ролін сомдаушы  -Ол кісіні мен жас кезімде көп көрдім. Концерттеріне бардым. Ұстазым Қазақстанның халық әртісі, профессор Асқар Тоқпанов ертіп барып: «Мынау менің жақсы көретін шәкіртім. Әдейі саған көрсетуге, таныстыруға алып келдім», – деді. Содан кейін мен ол кісіні жиі көргім келіп тұрды. Себебі ол кісі музыканы басқаша тыңдайды, басқаша сезінеді, мүлдем басқаша көреді.

Screenshot_13

Фильмде Шевченко, қазіргі Ақтау қаласынан келген домбырашы қыз Жібек сазгерді өзінің шебер орындаушылығымен таң қалдырады. Бір қызығы, Жібектің ролін сомдаған актриса Гүлназ Жоланова ешқашан қолына домбыра ұстамаған. Кастингтен өткен соң Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін үйреніпті. Гүлназ Жоланова, актриса  -Бұл менің алғашқы тарихи жобам. Мұның қаншалықты жауапкершілігі жоғары, қаншалықты маңызды екенін сезінемін. Бар күшімізді салып жатырмыз. Көрерменнің көңілінен шығады деген үміттемін. «Құстар әні» 5 сериялы көркем фильмін жақын уақытта «Хабар» телеарнасынан көре аламыз.

Дереккөз: http://khabar.kz/kz/

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close