ЖаңалықтарСпорт

«Мұжық емес, мужикпін». Қазақ футболшысы өзінің тегін қазақша жазбауды сұрады

«Астана» және ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов Kazfootball.kz порталына берген сұхбатында өзінің тегін дұрыс айтуды өтінген деп хабарлайды «Халық сөзі» басылымы.

Журналист сұхбат барысында футболшының тегіне қатысты сауал қояды: «Серікжан біраз журналист пен комментатор сіздің тегіңізді әртүрлі айтады. Біреу Мұжықов десе, біреулер Мужиков дейді», — деген тілшінің сұрағын футболшы жауапсыз қалдырмады.

«Оныңыз рас. Менің де бұл туралы айтқым келіп жүрген. Орысша да, қазақша да менің тегім Мужиков деп айтылып, жазылуы керек. Менің тегімді тексергісі келгендерден Мужиков деп айтуын сұрар едім», — дейді Серікжан.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close