Басты жаңалықтар

Өнер жұлдыздары жаңа эстафета бастап, Мадинамен қалай танысқандарын айтып берді

20 қазан Алматы қаласында танымал әнші Мадина Садуақасованың шығармашылығына 20 жыл, осыған орай әншінің таныстары, достары әрі әріптестері жаңа эстафета бастады. Эстафетаны қабыл алушылар Мадина Садуақасовамен қалай танысқандары жайында айтып берулері керек.

Эстафетаны қабыл алдым @toylanin Мадина мен үшін Мадонна! Алғашқы танысуымыз Сержан Молдасан ағамыздың «Ән мен әнші» бағдарламасы. Мен ол кезде 2 курс студентімін, 2006 жыл. ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде оқып, твда жұмыс істеуді армандап жүрген шақ. Осы сәтте Сержан аға xабарласып, жаңа жылдық «Ән мен әнші» бағдарламасында гримердің рөлін сомдауға шақырды. Қуана келістім, алайда косметика ұстап көрмеген қол үшін оңай болмады (әлі де боянатыным шамалы). Мамандардан «тоналка» жағуды үйреніп алдым да кірісе кеттім. Алдыма Мадина Сәдуақасова келді. Таныстық, мен де Сәдуақасовамын деп айттым. «Ооо менің сіңлім боласың онда, бастысы мені сьемкаға әдемі қып бояндырып берші» деді. Қолым қалтырап тұрмын, бас бақыттан айналып кеткен. Мадинада сол кезде екі телефон, маза жоқ. Бәріне жауап беріп үлгеріп жатыр. Мен тоналканы ойбайлатып жағудамын. Әрі қарай не жағарымды білмейм. Бастысы оған айнаға қарауға рұқсат бермейм. Содан көзін қара теньмен қасына дейін бояп бердім. Екіншісіне ауыса бергенімде ол байқап қалып, өз түрінен өзі шошып кетті. Мен арасында аузым жабылмай, «жігітіңіз барма, бос уақытта не істейсіз, қандай жігіттер ұнайды» деген сияқты «тупой» сұрақтар қойып миын ашытып жатырмын. Содан апам орнынан атып тұрып «бетімді жуамын, ужас, сабын тауып берші» деп ашуға мінді. Шкафтан тақырлатып іздеп жатыр, сол шкафта пакеттің артында тығылып тұрған жасырын бейнекамераны қайдан білсін?! Содан мен әрең тоқтатып, бұның бәрі әзіл және камераға қарап құттықтау айтуын өтіндім. Мадинаның сонда маған бар айтқаны «Мен сені өзіме сіңлі етпеймін» ☺️☺️☺️ Жаным, сонда ұрыса алмайды ғой)) Ал есік артында бүкіл «Ел» шығармашылық ұжымы күлкіден қатып күтіп тұрған еді. Сержан аға, Жанатбек, Сәуле Әбединова, Гүлнар Салықбай, Қасым Аманжолов т.б. Сосын республика сарайында концертте мұны 3000 xалық көрді, жаңа жылда Ұлттық арнадан бүкіл Қазақстан көрді, бастысы Жетісай шулады. Ал мен «звезда» болдым. Осылайша танысып, шоу бизнес әлемінде жүрміз. Ал Мадинамен тікелей жұмыс жасауым оның үйлену тойында басталды. Бүгін де Мадоннаның PR директорымын. Ал эстафетаны @baglan_abdraimov @zarina.muslim @azamatc @akerkeburkitbay жолдаймын Сиз калай таныстыныз? #МадинаСадвакасова20жыл

Фото опубликовано Маржан Садвакасова МТ (@marzhansadu)

Что то в последнее время эстафета деген жоқ болып кетті ия?) Мәдина Садуақасованың 20 жылда алғаш рет «Жулдызым» шоу концертін қолдау көрсету мақсатында жаңа эстафета бастаймын!)) ❌Мәдина Садуақасовамен қалай және қашан (жеке) танысқаныныз есiңiзде ме? Мен бастайын😊: Ағам бар Нурбол деген, сол нөлiнші жылдары әскерге барып келді. («Ұлан» гвардиясы). Келгенде әдеттегідей фото қарау рәсімі басталды, фотолардың арасынан ылғи солдаттардың арасынан көздері бақырайған красавицаны көріп есімнен танып қалдым, ол кезде щеголмын, әрі кетсе 4-5 оқимын) Макеңнің жұлдызы қатты жанбаган кез, «военный әнші» ) Кейін бірнеше айдан кейін ТВ-дан көре бастадым) «Айхай сарбаздарым-ай» есіңізде шығар. Вот сол кезден бастап мен «поклонник #1″😎 Кейін Алматыға келгенде, концерттерде көріп жүргенмен, танысуға возможность болған жоқ) «Жұлдыздар отбасында» жұмыс жасап жүргенде @azamat_temyrbayuly ағам таныстырды әйтеуір) Кейін бір ауылға барып, концерт қойдық еще) @sadvakasovamadina, @azamat_temyrbayuly, естеринызде ма?)) Ал қазір алғашқы жеке концертіне атсалысып жүрміз, өмір қызық) PS: Эстафетаны @sultankyzy @gulnurorazymbetova @marzhansadu @impresario_kz @makosyai @issaazamat қабыл алыңыздар!) Передайте дальше

Фото опубликовано Aslan Toylanin (@toylanin)

@toylanin Аслан, архивты ақтарттың ғой😬😃 Біз 1999 жылы таныстық, мына видеода радиоға сұxбатқа шақырған кез айтылып жатыр. «Қазақ елі»деген әні ерекше ұнайтын… -Қайран менің,қасиетті қазағыыыым, на-на-на-на… Осы концертте орындашы деп өтінген едім, сценарийға қаншалықты сәйкес келер екен? Көреміз. Концерт 20-сы осы айдың,Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Эфир 29-на, @kaztrk_kz 🌺 Міне, уақыттың жылдам екеніне тағы бір мысал…17 жыл …балалықтан ересек өмірге аяқ бастық,қиындығымен қоса, қуанышы да молынан болды👯👭👧🏽👱🏽‍♀️ Танысқан кезді еске алатын эстафетаны @kopbassarova @ardakbalazhanova жалғастырса😉😉😉

Видео опубликовано Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Эстафетаны @issaazamat қабылдадым. #Талдықорған қаласында тұрып жүрген кезімде, үйде ақ-қара ғана қылып көрсететін теледидар болатын. Қазақстан арнасынан @kaztrk_kz «Музыкальный вояж» бағдарламасын тамашалап отырған сәтімде, @sadvakasovamadina алғаш көруім…Жас…Арманшыл… Көп жылдар өткеннен кейін, XitTv арнасының креативті продюсері ретінде, тағы кездестірдім)) Ол кезде «Маxаббат жалыны» әніне түсірілген бейнебаянын алып келген еді. Әпкем @sultankyzy бізді таныстырды, бірге түскі ас ішуге бардық, міне енді жыл сайын бір-бірімізді туған күнімізбен құттықтап, араласып келеміз. Әрине, Мадинаның 20 қазанда #Алматы қаласында өтетін жеке шығармашылық кешіне бармай қоймаймын.

Фото опубликовано producer [tv] host (@adil_liyan)

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close