Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирде Ұлттық арнадан көрсетеді!

Жақында Қанат Исламның жекпе-жегін еліміздің бірде бір арнасы тікелей эфирде көрсетпейді деп хабарлаған болатынбыз, енді «Қазақстан» Ұлттық арнасы Қанат Исламның 21-ші жекпе-жегін тікелей эфирден көрсететін болды!

Қандасымыздың бұл жолғы қарсыласы Колумбиялық боксшы Хуан де Анхель, жасы 28-де, 22 кездесу (18-3-1) өткізіп, оның 17-сін нокаутпен жеңген. Ал жерлесіміз соңғы рет рингке өткен жылдың қараша айында шыққан болатын.

Жекпе-жек «Қазақстан» Ұлттық арнасынан 9 мамыр күні Астана уақыты бойынша таңғы 07.00-де көрсетіледі.

Жерлесімізге бірге қолдау көрсетейік!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close