Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Қазақстан эстрадасында «Mini Ninety One» тобы пайда болды

Қазақстан эстрадасына ерекше келбеттерімен әрі стилімен өзегіс әкелген Ninety One тобы біршама әріптестері мен қоғам белсенділерінің сынына ұшыраған болатын. Енді, міне, бүгін әлеуметтік желіде осы топтың танымал клипіне пародия жасаған бүлдіршіндердің клипі үлкен дауға айналды, деп жазады Baq.kz

«91» десе төбе шашы тік тұратын өнер сыншылары үшін тағы бір тақырып пайда болды. Фейсбук әлеуметтік желісінде Ninety One тобының «Айыптама» әніне түсірілген клипіне еліктеп, бүлдіршіндер пародия жасаған видео тарады.

Осыған байланысты желі пайдаланушылары тағы да сыни пікірлерін жаудырып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық Ninety one тобы Ақтөбеде 30 қыркүйек күні жеке концертін өткізетінін хабарлап, билеттер сата бастаған еді. Концерт алдында ақтөбелік тыңдармандар облыс әкіміне өтініш айтып, концертті өткізуді сұраған еді. Алайда топ продюсері «Қоныс» спорт сарайының өкілдерімен келісімге келе алмағандықтан, концерт өтпей қалды.

Кейін Ақтөбе облысының әкімдігі Ninety one тобының концертін өткізуге тыйым салмағанын хабарлады.

Бұған дейін Шымкент қаласында да топтың концерті өтпей қалғанын еске сала кетейік.

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close