ЖаңалықтарКино & Театр

Әйгілі Митхун Чакраборти Шымкентке келеді

Әлемге танымал актер Митхун Чакраборти түсірілім жұмыстарымен Шымкентке ат басын тірейді деп хабарлайдыТVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Сәуір айында ауқымды үнді фильмін түсіреміз. Бұл түсірілімге атақты Митхун Чакраборти да қатысады. Болашақта түсірілім жұмыстары біткен соң, фильмнің тақтайшасында Шымкентте түсірілген деген жазу міндетті түрде көрініп тұрады», — деді Евразиялық кинофестивальдің директоры Мира Қарсақпаева.

Тағы бір айта кететіні, жақын арада Лондонға қарасты Дакорум ауданында қазақстандық режиссерлердің қатысуымен кинофестиваль өтеді. Қарсақпаеваның айтуынша, жобаға 2016 жылдан бастап бүгінге дейін түсірілген толықметражды фильмнің барлығы қатыса алады.

«Бізде іріктеу 15 наурызда басталып маусымға дейін жалғасады. Бізді Дакорумның мэрі Дэвид Коллинздің өзі қолдап отыр», — деді фестиваль директоры.

Ал бұл кештің құрметті қонағы Бред Питт болмақ.

Дереккөз: Nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close