ЖаңалықтарТелерадио

ТОҒЫЗ ЖАСАР ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ДАНИЯР ҚҰРМАНБАЕВ ЖЫЛДАМ ЕСЕПТЕУ ҚАБІЛЕТІМЕН ЖҰРТТЫ ТАҢЫРҚАТТЫ

9d88b28e-7fe9-4856-b2d4-9a817b4a9026-800x600

Тоғыз жасар қазақстандық Данияр Құрманбаев «Бірінші арнаның» «Супердетки. Мужское / Женское» атты бағдарламасының кейіпкеріне айналды.

Студияға шықпас бұрын Даниярдың қалай тез ойша есептей алатыны туралы баяндайтын бейнеролик көрсетілді.
«Мені мұғалім Арайлым Жамбылқызы дайындады. Біз абакус есептерін елестете бастаймыз, сосын жауабын шығарамыз. Маған қиын емес. Ментальды арифметика маған көп көмектеседі: мұқият болуды, тез ойша есептеуді үйрендім. Бұған дейін тек бағандармен көбейтіп, бөлетінмін, ал енді оны ойша есептеу де қолымнан келеді. Үзіліс кезінде балалар маған жақындап мұны қалай жасайтынымды сұрап жатады» – дейді оқушы.

Жүргізушілердің алдына шыққан Данияр өзінің ерекше бала екенін қымсынбастан мойындайды. Арифметика сабақтарына оны анасы алып барған.

«Анам интернеттен қарап, баланың есепті ойша тез шығарып отырғанын көрді. Кейін біз таныстыру рәсіміне бадық. Ол жерде бір бала үй жұмысын орындап отырды. Ол бесінші деңгейге жеткен екен, барлық есептегендері дұрыс болып шықты», – дейді Данияр.

Оның “анаң не себепті сенің тез есептей алуыңды қалайды” деген сұраққа берген жауабы барлық қатысушыларды таң қалдырды.

«Анам тек отбасымызды асырағанымды қалайды», – деді оқушы.
Ол өзіне ментальды арифметика қатты ұнайтынын және жаңа белестерді бағындыру үшін барын салатынын айтты.

Ақпарат: www.nur.kz

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close