Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Елорда да 6 шілде күні ақындар айтысы өтеді

Астананың туған күнінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Бағаналы ордам — басты ордам» ақындар айтысы өтеді. Еліміздің ең мықты суырып салма ақындары өзара сынға түседі, деп хабарлайды Baq.kz

Сахна төрінде осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарған, көпшілікке кеңінен танымал 12 ақын өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар сынды ақындар сынға түседі.

Ақындар айтысы атаулы датаға орайластырылып отырғандықтан, айтыстың басты тақырыбы еліміздің жетістіктері мен даму перспективалары, сондай-ақ, егеменді еліміздің қалыптасу тарихы болмақ. Ақындар қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жырға қосады. Айтыскерлер өз ойларын сиқырлы сөзбен айтып, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізіп, өз тыңдармандарын қуантпақ.

«Бағаналы ордам — басты ордам» ақындар айтысының әділ қазылар алқасыныңқұрамына танымал суырып салма ақын, қазақ халқының шығармашылығының осы бір ерекше түрін херттеп жүрген ғалым Аманжол Әлтаев, ҚР халық ақыны Қонысбай Әбілов, белгілі айтыскерлер Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазин және басқалары енді.

Айта кетейік, дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігі ақындар айтысын Елорда күнін мерекелеу аясында осымен оныншы рет өткізгелі тұр. Жыл сайын ақындар «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында орналасқан сахнада өнер көрсетеді. Биыл айтыс елордамыздың ең үздік концерт залдарының бірі — Конгресс-холда шілденің 6-сы күні сағат 15.00-де өтеді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close