Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Өнер жұлдыздары Отан қорғаушы күніне арналған акцияны қолдады

Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін жай ғана өзіңнің парақшаңда мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны орналастырып, селфи жасап немесе шағын видео түсіру жеткілікті.

Акция #kzarmy және #7мамыр хэштегімен әлеуметтік желілерде бастау алады. Кез келген қалаған адам әлеуметтік желілерде фото немесе видеосымен бөлісіп,  туған-туысқандарына, достарына және әріптестеріне құттықтау гримінің эстафетасын ұсына алады.

Аквагрим мейрам символы түрінде орындалып, қолға салынуы тиіс. Бұл идеяны қолдап, қорғаушыларымызды айрықша «жауынгерлік бояумен» бояп, құттықтағандардың арасында алғашқылардың бірі қазақстандық эстрада жұлдыздары  Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және тағы басқалар  болды.

Отан қорғаушы күні қарсаңында барша ел осынау маңызды мемлекеттік мерекені кеңінен атап өтетінін айта кетейік.   Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде салтанатты сап түзеулер өткізіліп, жауынгерлік және оқу-жаттығу даярлықтарында ерекше көзге түскен азаматтарды марапатталады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың қатысуымен мектеп оқушыларына арнап ерлік сабақтары өткізіледі.

Білім беру мекемелерінде мерекелік ертеңгіліктер, байқаулар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ салтанатты сап түзеулер өткізіледі. Биыл Отан қорғаушы күні 2016 жылдың тарихи  атаулы датасы Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» бірыңғай ұраны аясында өтеді.

Дереккөз: Khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close