СұхбаттарСән

Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды

Өткен жолы жас клипмейкерден сұхбат алған болатынбыз. Ал бұл жолы фотографтан сұхбат алуды жөн санадық.  Жас та болса, бас бола білген фотограф Бақытжан Тұржаннан сұхбат алып, суреттің қыр сырын білуді жөн деп санадық.

— Фото түсіру әлеміне қалай келдіңіз?

— Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын, оның үстіне музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын жалпы айтқанда шығармашылық адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратым болатын, сонымен сыныптастарымды суретке түсіріп, хоббиім өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында фотоға түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.

— Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз? Студияда да ма? әлде студиядан тыс жерде ме?

— Өз басыма табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, студияда да ұнайды жарықтармен, көлеңкелердің  қосындысымен түсірсек ол да бір керемет болады. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой.

Фотограф Бақытжан Тұржан

— Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?

— Ең алғаш түсірген суретім, ең алғашқы тапсырым есімде. Сол уақытта несиеге фотоаппартты сатып алдым, содан досым хабарласып «сенің фотоаппартың бар ғой мектеп бітірушілерін суретке түсірсең қалай қарайсың?» деген болатын, содан қанша аласың деген уақытта не айтарымды білмедім содан ол: «Ты что больной? ты же фотограф» деген болатын, содан 15 мыңға түсірдім. Ең алғаш рет түсірген уақытта өз-өзіме «Мен де түсіре алады екенмін ғой» дедім. Әр адамды суретке түсірген уақытта бастысы қаржы емес, бастысы суретті сапалы түрде шығару.

Фотограф Бақытжан Тұржан

— Кейбір фотограф мамандар клипмейкер болып жатады, сіздің бейнебаян түсіріп клипмейкер болу ойыңызда жоқ па?

— Әрине ойымда бар, режиссер болып көремін бе деп, 1-2 түсірген роликтерім бар. Ол халыққа ұнады ма, ұнамады ма, білмедім. Суретке түсірудің алдында да, әнші болып жүрген уақытта да,  продюсер боламын ба деген де ой болған. Сол уақытта продюсер болғым келген себебім оқуға түскен уақыттан бастап, мен көптеген шаралардың ұйымдастырушысы едім. Сол уақытта жастар саясатында жұмыс жасадым. Сол кезде қалалық, облыстық концерттер, байқаулар ұйымдастыратынбыз. Кейбіреулердің есінде шығар, ғаламтор арқылы Ақтау қаласында рэп орындаушылардың байқауын ұйымдастырған болатынмын.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close