Жаңалықтаржоғары

Әйелге ұқсап бара жатқан еркектерге ашынған Жанат Бақыт: Еркек болып қалыңдаршы!

Белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт  әйелге ұқсап бара жатқан еркектерді сынап тастады. Шоу-бизнесте көгілдір жігіттердің қаптап кеткенін ашына айтқан ол ерлерді еркек болып қалуларын өтінді. Журналист өз парақшасында осындай ой салатын жазбаларды жиі жазады. Дегенмен, бұл мәселе тек Жанаттың ғана емес біраз шоу-бизнес өкілдерінің ашуына тиген көрінеді.

“Баяғыда еркектер саxнада әйел рөлін сомдағанда күліп отыра беруші едім. Қазір жыным келетін болыпты. Инстаграмды ашсаң да кірпігін қайқитып, майысып боянған еркектер жиі шығады. Телевизор қоссаң да құлағында сырға, көзін бояған шибұт қасқалар бақырып жатады. Оған еліктеген жігіттер жүреді көшеде бұттарына гамаж киіп. Әп-әйбат мен сыйлайтын әнші жігіт бар еді, сол отыр клипінде қатын рөліне еніп. Оған не жоқ десеңші?
Неге құмарсыңдар қатын болуға? Өсек айтып, сөзінде тұрмайтын еркекті “ез”, “қатын” десе намыстанатын ел едік қой? (Онсыз да шоу-бизнесте педиктер қаптап жүр)

Баяғы Алпамыс батырлар тіріліп келсе ғой, бәрін зіг-зіг дегізер еді. Еще “Қыздардың бәрі отырып қалған” дейсіңдер, осыдан кейін кәнешна отырады! “Шалбар киме” десеңдер кимей-ақ қояйық, бірақ сендер еркек боп қалыңдаршы”, – деп жазды Жанат инста-парақшасында.

Тележүргізушінің бұл ойын әнші Сәкен Майғазиев те қолдай кетті.

Айтсам сенбейсіңдер! Менің де зар қақсайтыным осы ғой, Жанат-ау! Қандай жиіркенішті. Аяулы, ата-аналар, ардақты ақыл тоқтатқандар, аурудың алдын алмай болмайды. Көшеде сақал-мұрты бар қыз көрсек таң қалмайтын заманға келе жатқандаймыз. Етек-жеңімізді жинайық, қазағым!” – деп пікір білдірді ол.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close