Жаңалықтаржоғары

Танымал КешYou тобының қыздары неге тіл табыса алмады?

10 жылдан аса тарихы бар, әпке-сіңлілі Мақсатқыздарының тұңғыш әрі сәтті жобаларының бірі КешYou тобын трио ретінде көріп үйренген тыңдармандарына ерекше жаңалық жасап, топ квартетке айналып еді. Бірақ көп ұзамай топтың Сара есімді әншісі бұрынғы трио заңдылықтарын кері қайтарып, топтан кетті. Триоға айналған қыздар неге тіл табыса алмады? Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Кешью» әуел бастан тыңдарманға трио болып танылған еді. Бүгінде белгілі  гелзбенд, топ репертуарын үш дауыста қайта жазып шыққан.

“Ыңғайсыздық мүлдем жоқ, бірден үйреніп қалдық. Бәрі бірдей. Солай!” – дейді«KeshYOU» тобының әншісі Назым Әбілдина.

Екі қызбен жұмыс істедім. Үш қызбен, төрт қызбен жұмыс істедім. Сондықтан, маған ол жаңадан келіп жатқан нәрсе емес. Амал жоқ, қанша болса да, бәрін жаттауға, бәріне үлгеруге тырысамыз”, – дейді топ солисі Элизат Берікова.

Бірақ, қыздар Сараның топқа сіңісе алмауының себебін сыр қылып сақтауда. Мәселен, Балжан мен Назым экс-әріптесімен жиі жүздеспейтін болса, Элизаттың әнші құрбысымен қарым-қатынасы жақсы. Өйткені, олардың достығы «Лашын» тобынан бастау алған-ды

Екі күнде, үш күнде бір сөйлесіп тұрамыз телефон арқылы. Ол енді қанша группадан кетіп жатса да, өзіміздің арамызда достығымыз бар. Сондықтан, біз адам ретінде оны сыйлаймыз. Ол бізді сыйлайды. Сондықтан, ара-қатынасымыз бәрі жақсы”, – дейді Элизат.

Әзірге Сараның топтан кету себебін ресми продюсері де, топ қыздары да себебін айтпады. Ал топтың музыкалық жетекшісі қыздардың ауысуын заңдылық санайды. Бірақ, құрамы жиі жаңаратын арулар ұжымы, бұл жолы жеке өмірдегі жаңалықтарын шетке ысырған секілді. Қыздардың бұл шешіміне Бағым ханым да қуанышты!

Шынымды айтсам, мен әрдайым ұрысқақ әрі «Көкбет Баголя тәте» болудан шаршадым. Бір өкініштісі, қыздардың тұрмысқа шығатынын немесе жүкті екенін соңында естиміз. Әзірге, ешкімнің топтан кету туралы жоспары жоқ сияқты. Солай боларына сенемін!” – дейді топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

2 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close