Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыСпорт

Илья Ильин: Рио Олимпиадасына дайындығымды жалғастырудамын

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының қазақстандық зілтеміршілерге қатысты ақпаратына сәйкес Илья Ильин мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. — Бұл ақпарат төбемнен жай түскендей есеңгіретіп тастады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сай, мен туралы барлық ақпарат халықаралық ADAMS жүйесінде орналасқан. Онда менің әрбір күнім сағат-сағатпен жазылып, жаттығуда не басқа жерде жүргенім толық көрсетіледі. Мені Антидопингтік агенттіктің бақылаушылары оңай таба алады. Биылдың өзінде екі рет – Польшада және Алматыда допинг тапсырдым. Өздеріңіз білетіндей, ешбір халықаралық жарыс допингтік тексеріссіз өтпейді. Мен де өзге спортшылар тәрізді 2004 жылдан бері допинг тапсырамын. Қазір Рио Олимпиадасына дайындығымды жалғастырып жатырмын және берілетін ойым жоқ. Маған қатысты ақылға қонымсыз шешімдің бұрыстығын дәлелдейміз деп сенемін. Қандай шара қолданылса да, сіздердің 20 жыл бойы өмірімді спорт залында өткізіп, қан мен терім шыққанша күніне 3 рет жаттығу жасайтынымды білгендеріңізді қалаймын. Мен барлық уақытта өзіме артылған жүкті сезініп, сіздердің қолдауларыңызды көріп келдім. Қазір де сол қолдауларыңыз маған қажет болып тұр. Илья Ильин.

Дереккөз: 24.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Жаным, Илья!
    Дайындыгынды токтатпа!
    Сен Рио олимпиадасынан алтын медаль алып келуин керек!
    Сени женип кетеди деген коркыныштан жасап жаткан арам тирликтери гой!
    Казакстаннын билик басында отыргандардын ишинде патриот азаматтар, елим деп куйинетин азаматтар бар екенине, олардын Ильюшаны актап шыгатынына сенемин!
    ИЛЬЯ АЛГА! Только вперед, ИЛЬЮША!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close