Жаңалықтаржоғары

Қарақат Әбілдина “Жылдың үздік анасы” атанды

Танымал әнші, «Қарақат мектеп-студиясының» негізін қалаушы, көп балалы ана, сүйікті жар — Қарақат Әбілдина «Еуразия» бірінші арнасының «Әйел сыры» бағдарламасы ұйымдастырған номинациялардан «Жылдың үздік анасы» аталымымен марапатталғанын өзінің инстаграм парақшасына салған болатын. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана бесінші рет ана атанған Қарақат xаным төрт ұлдан кейін қыз сүйіп, бүкіл елді қуантты. Періштенің есімін Аяла деп қойған Қарақат, декреттік демалысын ұзартпай, қолдаушыларын көп сағындырмай саxнаға қайта оралды. Қазір «Хабар» арнасының жаңа жобасы «Ана мен бала» бағдарламасын жүргізіп жүр.
Ал біз өз тарапымыздан елдің сүйіктісін марапатымен құттықтап, жаңа белестерге жетуін тілейміз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close