Жаңалықтаржоғары

Отандық жұлдыздар қысқы демалысын қайда өткізуде?

Міне жаңа жыл да басталып, отандық жұлдыздар қысқы демалысқа аттанды.

Мәселен, Ерке Есмахан Дубай қаласында ұлы Мүсіліммен бірге әрі демалып, әрі сол жақтағы қазақтардың тойында өнер көрсетіп жүр. Бұл жайлы әншінің өзі инста-парақшасында да бөлісті.

Ал қазақ эстрадасының батыр әншісі Тамара Асар жылы жаққа емес, Швейцария елінің аппақ қарын тамашалауға аттанды.

Бүгін Баян Мақсатқызы бастаған «Shine production» орталығының командасы жылы жаққа қарай, яғни Тайланд еліне аттанды.

Жақында ғана алғашқы концертін берген жас әнші Қуандық Рахым шетелге емес, өзінің туған жері Жезқазған қаласына кетті. Жас орындаушы қысқы демалысын туған өлкесінде өткізуді жөн санаған.

Белгілі актер Азамат Сатыбалды да ерке қыз секілді Араб әмірлігінде отбасымен бірге демалып жүр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close