Басты жаңалықтарЖаңалықтарПродюсерШоумен & ТұлғаӘнші

Ринаттың сынына Ерболат жауап берді

Ерболат Беделхан  Ринат Зайтовтың өзін «қылмыскер» атауына байланысты ойымен бөлісті. Продюсер әрі әнші Ерболат  STAN.KZ тілшісінен өзіне қатысты осы сынды естігенде таң қалды. Зайтовтың айтқан сөзіне дәлелдерді көрсеткеннен кейін барып, өз ойымен бөлісті.

«Ринатқа ««NinetyOne»» тобының шығармашылығы, нақтырақ айтсақ бәлкім жігіттердің  сыртқы бейнесі ұнамайды. Ол өз пікірін айтып тұр. Менің жеке басымда Ринатқа тағар мінім жоқ», – деді Ерболат.

Продюсер халықтың сүйіктісіне айналған Ринат «NinetyOne» тобының жаңадан басталып кележатқан өнеріне кедергілер келтіретін пікір айтқанын жасырмады.

«Сонда да Ринатқа  еш айтар мінім жоқ. Не ойы бар білмедім. Ерболаттың шәкірттері  жолдарын тауып өнерлерін көрсетер. Бастысы жігіттер нағыз өнер иелері және олар оны дәлелдейді! Алтын жерде жатпайды!», – деді Ерболат Беделхан.

H1gIvzEfv74

Ол осы сыннан кейін топта қандай да бір өзгерістер орын алмайтынын айтты. Жігіттер жаңадан қолға алған жұмыстарын жалғастыра бермек. Беделхановтар  жаңадан құрылып осындай сынға ұшыраған жігіттердің болашағынан зор табыстар күтеді. Олардың бойларында нағыз өнердің бар екенін және оны уақыты келе дәлелдеп шығарына сенімді.

Естеріңізге сала кетсек, k-pop жанрында ән салатын «Ninety one» тобы 2014 жылы құрылған. Оның құрушысы Орда тобының беделді мүшесі – Ерболат Беделхан. Атауы ағылшын тілінен аударғанда «91» мағынасын білдіретін бұл топтың құрамында 5 жігіт бар. Алғашқы «Айыптама» атты бейнебаяндары 2014 жылдың 8 қазанында көрерменге жол тартқан. Содан бері «Ninety one» тобы өз көрермендерін тауып, шыңдалу үстінде.

Дереккөз: Stan.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close