Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Головкин әлемнің үздік боксшыларының рейтингінде көш басында тұр

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин салмақ категориясына тәуелсіз, әлемнің үздік боксшыларының рейтингінің (Pound-for-pound, P4P) бірінші тоқсанында көш бастады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Рейтингті International Business Times басылымы жасаған.

Рейтингтің авторларының айтуынша, қазақстандықтың 34 жеңісінің ешқайсысында да атақты адамдар қарсылас болмаған, бірақ оған атақты боксшылардың Головкинмен жұдырықтасудан сескенетіндігі себеп екен. Ол алдына келгеннің барлығын оңдырмай ұтады, соңғы жекпе-жегінде канадалық Давид Лемьені жеңіп, 21-ші нокаутына қол жеткізді.

Сонымен қатар, Головкиннің америкалық Доминик Уэйдпен жекпе-жегінің де ұзаққа созылмайтыны айтылады, тіпті мексикалық Сауль Альвареспен 2016 жылдың екінші жартысында кездессе, бұл жекпе-жегінде де қаақстандық фаворит болады екен.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close