Жаңалықтар
Мұхамедиұлы Жаманқұловтың Елбасына арнаған үндеуіне қатысты жауап берді
ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының арасындағы дау әлі ушығып тұр. Тұңғышбай Жаманқұлов елбасына бейне жазба ретінде үндеу жалдап, араша түсуін сұраған еді.
Жаманқұловтың үндеуіне Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге жауап берді.
«Алдымен бейнеүндеудің уақытын қараңыздар, бір жыл ішінде бірнеше айыптаулар мен үндеулер жарияланған. Бір жыл ішінде Ресей компаниясына 450 миллион теңге пайда келтіргісі келді. Енді өздеріңіз ойланып, қандай нәрселерге төзіп жатқанымды ойлап көріңіздер»-дейді Мәдениет министрі журналистерге берген сұхбатында.