Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші
Әнші Адельдің клипі ютубта рекорд орнатты
Британ әншісі Адельдің «Hello» әнінің видеоролигін 87 күнде YouTube видеохостингінде 1 миллиард адам көрді. Бұл кореялық әнші PSY-дың танымал клипінің рекордын басып озды.
Оның «Gangnam Style» мегахиті 2012 жылы рекорд орнатып, 158 күнде 1 миллиард көрермен жинаған.
Қазір YouTube-та миллиард көрермен жинаған 17 ролик бар.
Бұл Тэйлор Свифттің «Maroon 5 Sugar», Blank Space және рэпер Эминемнің «I Love the Way You Lie» әндерінің клиптері.
Өткен жылы АҚШ-та Адельдің «25» атты альбомы бір аптада 2,4 млн данасы сатылған болатын.
Дереккөз: kaz.caravan.kz